№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » РОБОТОТЕХНИКА: 12 МЕКТЕП ИННОВАЦИЯЛЫҚ САБАҚҚА ДАЙЫН

РОБОТОТЕХНИКА: 12 МЕКТЕП ИННОВАЦИЯЛЫҚ САБАҚҚА ДАЙЫН


Елбасы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында «балалар технопарктері желісін» қалыптастыру арқылы әлемнің озық ғылымында бәсекелестікті арттыру қажеттілігін тапсырды. Осы бағыт-бағдарда оқушылардың интеллектісін дамытып, ой-өрісін кеңейту бағытында инновациялық үйірмелер пайда бола бастады. Оның бір айғағы, өткен жылы ауданда 3 робототехника үйірмесіне оқушылар қатысып, тырнақалды робототехникаларын құрастыруда қарымды екенін байқатқан еді. 2018-2019 оқу жылында 12 мектепте робототехника үйірмесі іске қосылмақ. Мұны аудандық білім бөлімінің бас инспекторы Мира Жандарбековадан білдік.
Облыстық білім басқармасы жаңа оқу жылында Сыр өңірінде 9 мектеп үйірмесіне және 4 инновациялық мектепке «3D-модельдеу» және «Цифрлық білім беру лабораториясы» алынуын жоспарлапты. Тарқатып айтсақ, «Робототехника», «3D-модельдеу» және «Цифрлық білім беру лабораториясы» секілді жаңа оқу кәбинеттері жасақталмақ. Ал, біздің ауданда 12 мектепте робототехника үйірмесін ашып, оқушыларды заманауи білім алуға мүмкіндік ашылмақ.
– Өткен жылы ауданда небәрі 3 үйірме жұмыс жасағанымен, оқушылардың ынтасы, жетістігі және белсенділігі жоғары болды. Бұған облыста өткен робототехника сайыстарынан алған жүлделері мысал бола алады. Жуырда ғана өткен додада жаңақорғандық 9 оқушының 6-ы жүлдемен оралды. Бұл, әрине, ашылғанына санаулы жыл толған үйірме үшін үлкен жетістік. Енді осылардың қатарына 12 үйірмені қосып, шалғай ауылдағы балалардың заманауи құрылғылар туралы білімін қалаптастыруды мақсат етудеміз, – деді бас инспектор.
Сонымен, биыл инновация игілігін №3, №54, №125, №160, №163, №168, №169, №184, №229, №208, №209 және №239 мектебі игермек. Үйірмелерді жүргізу үшін ұстаздарды арнайы курстардан өткізіп, сертификат берілген. Ендігі мақсат алдына келген оқушыға робототехника ғылымына бағыт-бағдар беріп, жаңа бағдарлама аясында жұмыс жасаса болғаны.
Робототехника үйірмелерінің көш басында перспективалық ісімен алда тұрған тәрбие орталығынның үйірмесінің робототехника кабинетінің шебері Дастан Кадиров құлтемірлерді құрастыру һәм бағдарламаға икемдеу үлкен ізденісті талап ететін айтты. «Роботқа жан беру үшін ең алдымен бес ғылымға жүгінесіз. Яғни, бала информатика, бейнелеу, матиматика, физика және тіл білімін меңгеру қажет. Құрастырғыштардың инструкциясында көбіне ағылшын тілінде мәлімет жазылатындықтан ағылшын тілін жетік білу шарт. Міне, роботтардың бір ғана қимылы үлкен ізденіске толы», – деді маман.
Ғаламат жаңалыққа қадам басқалы тұрған №54 Ж. Қыдыров атындағы мектептің ұжымы робототехника кабинетін жасақтапты. Мұнда балалар робототехника сабағын өтіп, құлтемірлердің құрылысы жайлы алғашқы түсінігін қалыптастырмақ.
Ауыл балаларына мол мүмкіндік берген жаңалық туралы мектептің информатика пәнінің мұғалімі Құрмет Өтемісов: «Бұл жаңалықпен бірге ауылы балалары ғаламдық прогреске жақындай түспек. Бұрын тек қана қаланың үздік оқу орнында ғана мұндай сабақтар жүрсе, бүгінде ауыл балаларының инновациясын көтеру үшін робототехниканы үйренуді алға қойды. Биыл 6 сынып пен 10 сыныптың сабақ кестесіне робототехника пәні енді. Демек, мектепте 58 бала осы пәнмен сабақ оқитын болады. Бұл ұзтазға да, оқушыларға да ізденіс жолына түсуге, дамыған елдің көшіне ілесуге күш біріктіруге шақырып тұрғандай», – деді.
Білім бөлімі робототехника сабақтарын оқытатын ұстазға нақты талаптар қоюда. Мәселең, бес пәннен хабары бар, қарым-қабілеті жоғары деген ұстаздар іріктеліп, жастарға робот құрастырудың қыр-сырын үйретеді.
Айта өтейік, робот құрастыруда көшбасшы елге айналған Жапония Қазақстандық жас өнертапқыш бүлдіршіндерінің жұмысын жоғары бағалай бастады. Жеңіліс тауып көрмеген Генаның құлтемір нұсқасын ойлап тапқан 16 жасар қазақ баласының ерекше жұмысы әлемнің назарын өзіне аударып, Германияның Kuka AG және Жапонияның Kawasaki Robotics индустриалды робот шығаратын компанияларынан қызметтік ұсыныс алған. Демек, біздің бүлдіршіндеріміз әлемді таңқалдырып, жеке жұмысын таныстыратын күннің ауылы алыс емес.

Мақпал МАРҚАБАЙ.
08 қыркүйек 2018 ж. 1 542 2

Гость Jeahulalf от 17 ақпан 2019 14:58
Commander Baclofen Potenzmittel Viagra Gunstig Macrobid No Prior Script cialis tablets for sale Regaxidil O Propecia Prescription Drugs From India

Гость Jeahulalf от 8 наурыз 2019 04:53
Keflex Parrots Purchase Lasix Online Side Effects Cephalexin Canine viagra prescription Buy Plavix Indian Generic Cialis Levitra Femme