№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Есірткіге елірту ерлік емес

Есірткіге елірту ерлік емес

«Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық аздырар адам баласын». Бұл қазақтың бас ақыны абайдың айтқаны. Мойындау керек, бүгінде  жұмыссыз жүрген жастар бар, жалқаулыққа салынған. Ауыр жұмыстан аяқ тартып, жеңілімен жүргісі келеді. Міне, осындай олқылық соңы оғландардың қисық қадам басуына алып келеді. Нақтырақ айтсақ, тақырыпқа арқау болған есірткіге еліртуге алып келеді. Ғасыр дертіне айналған діни экстремизм мен нашақорлық – қоғамдағы әлеуметтік ортақ өзекті мәселе. Қазіргі жастар есірткі, оның ішіндегі жеңіл түрі – апиынды жиі қолданады екен. Бұл мамандарының пайымы.
Статистика не дейді?
Қазақстанда ресми дерек бойынша, есірткі тұтынушы ретінде 60 мыңнан астам адам есепте тіркелген. Алайда, бейресми дерек көзі бойынша, олардың саны мұнанда асып жығылады. Ал, биылды қоспағанда, сондай-ақ, есірткіге тәуелділердің 27 пайызын 12-16 жас аралығы құраса, 44 пайызынан астамы 17- 26 жас арасындағы азаматтар. Дәл бүгінгі күні еліміз бойынша наркологиялық диспансерде есепте тұрған нашақорлар саны 52 мың адамнан асып жығылады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 пайыз артқан.
Ал, ауданда бұл мәселе қалай болып жатыр. Бұл жөнінде білу мақсатында аудандық емхананың наркология бөліміне барған едік.
– 2015 жылы аудандық емхананың наркология кабинетінде есепте тұратын науқастар саны 2014 жылға қарағанда 13 пайыз кеміді. Яғни, 2014 жылы 541 болса, былтыр 405-ті көрсетіп тұр. Алайда, есірткі затын қолданатындар саны – 28-ге артқан. Ал, наркология бөлмесіне 2015 жылы есепке алынғандар саны 105-ті көрсетсе, оның тоғыз науқасы есірткі қолданған. Сондай-ақ, облыс орталығындағы наркологиялық емге жолданғандар саны 44 адам. Нарколог дәрігерінің былтыр жалпы қабылдау санында – 6998 адам қаралды. Демек, жыл өткен сайын науқастар саны азайып келе жатқанымен, есірткіге елірткендер азаймай тұр, – деді аудандық емхананың нарколог дәрігері Дастан Рахманов.
Соңғы он жылда елдегі нашақорлар тобы молайып, оның ішінде балалар арасындағы есірткіге құмарлар қатары 13 есе өскен. Соның ішінде есірткі дертіне шалдыққандардың жасы отыз жастан жоғары емес. Бұл жағдай күннен-күнге есірткі пайдаланушылардың «жасарып» келе жатқандығын дәлелдейді.
Тақырыпқа тұздық. Бірде әлеуметтік желіде есімін жасырған бір жігіттің мынандай әңгімесін оқыдым:«...Өзім тұратын мөлтек ауданның ересек балалары дайын есірткіні тым болмаса, бір рет шекші деп, қызықтырды. Негізі, мен есірткінің жаман екенін білетінмін, ол туралы ағамнан естігем. Бірақ, қанша қашқақтасам да, ақыры олар мені көндірді. Біз мұны сатып, көп ақша табамыз деп қызықтырды. Кейіннен үйден ақша ұрлайтын болдым, құдайға шүкір, адам өлтірген жоқпын, түрмеге түспедім, бірақ осы кезге дейін жамандық атаулыны көп көрдім», – дейді жас жігіт өз жазбасында.
Ұлт денсаулығы
Ұрпақтың салауатты өміріне салқынын тигізіп келе жатқан есірткі саудасы қазіргі таңда Қазақстан қоғамының алдындағы көкейкесті мәселелердің біріне айналып отыр. Сондықтан да тажалды дерттің тамырына балта шабу ұлттық қауіпсіздіктің басым бағыттарының бірінен саналады.
Бұл туралы Елбасы Н.Назарбаев Жолдауында: «...Терроризм мен есірткі саудасына қарсы тегеурінді тойтарыс беретін тетік қалыптастырған жөн. Әсіресе, лаңкестікпен күресе ел болып, күш біріктіру қажет. Өз кезегінде ол осы бағыттағы жұмыстардың тиімділігін арттырып, лаңкестікпен күресті күшейтуі тиіс» – делінген. Президенттің пәрменді тапсырмасынан жергілікті басшылық түрлі деңгейдегі алдын алу шараларын ұйымдастыруда. Яғни, «Біз – салауатты өмір салты үшін!», «Мен өмірді қалаймын», «Дені сау университеттер», «Есірткіге жол жоқ!» деген сынды акциялар өткізу жүйелі жолға қойылған.
Есірткіні шектен тыс қолданған адам, өзін-өзі суицидке итермелейді. Тек отбасына ғана емес, қоғамға да қасірет әкелетін бұл кеселмен жалғыз күресуге мүмкін еместігі белгілі. Оның үстіне қазіргі синтетикалық жасанды жолмен алынатын улы қосындылар адам ағзасына өте қатерлі. Бұл жағдайға не себеп оны аудандық аурухана психологы, жетекші маман Гүлзипа Сарбасова:
– Иә, жастардың есірткіге бала жасынан елітуіне біріншіден, әлеуметтік жағдайдың төмендігі себеп болып отыр. Әсіресе, 13-15 жас аралығында өтпелі кезеңді бастан кешіріп, ұшып-қонып жүрген жас жеткіншектер үшін бұл кезең өте қауіпті. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша да бұл жаста мыңдаған, миллиондаған жастар есірткі жетегінде кетіп жатады. Оған өтпелі кезеңде жасөспірімдердің ата-ана қарауынан тыс қалуы, олардың демалыс уақытында айналысар іс таба алмауы негізгі себеп, – деді психолог маман.
Медицина емдей алады
Әсері күшті басқа да заттарды медициналық емес мақсатта пайдаланғандығы үшін 7 мыңнан астам адам есепте тұр екен. Мұның жартысы жасөспірімдер. Наркологтар қазіргі кезде нашақорлықпен сырқаттанатын адамдардың саны маскүнемдікке шалдыққандар санымен теңесіп қалды деген мәліметті айтады. Есірткі қабылдайтын барлық адамдар есірткі заттарға тәуелді болып, соның салдарынан оларға барған сайын үлкен доза керек болады.
Нашақорлықты емдеуден гөрі алдын алу жеңілірек болады. Бір жанды емдеу үшін 3-6 айдан бастап екі жылға дейін уақыт қажет. Мәліметтер бойынша нашақорлардың тек бес пайызы ғана өздігінен қалыпты өмірге оралатыны мәлім. Ал қалған 95 пайызы не болады? Егер бұрын жағдайы нашар ортадан шыққандар ғана нашақор болса, ал қазір бұл эпидемия қоғамның барлық деңгейін қамтып келеді. Нашақорлық ұлт таңдамайды. Есірткіге құмарлық өмір бойы сақталуы мүмкін. Тек санаулылары ғана есірткіге тәуелділікті жеңе алады. Қауіптен құтылудың ең дұрыс тәсілі – оларды ешуақытта татып көрмеу.
P.S.: «Ажалды жылан, жол үстінде жатады» демекші қамшының сабындай өмір жолында кездесетін жыланнан айналып өткен жөн.Себебі ертеңгі елім дейтін азаматтар көбейсін десек, есірткіге елітіп, ессіз болудан жас ұрпақты сақтау маңызды, бұл кесел «патриотизм» деген сезімнен айырады.
04 мамыр 2023 ж. 254 0