Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЕСІРТКІГЕ ЕЛІРТУ ЕРЛІК ЕМЕС, ЕСЕРСОҚТЫҚ

ЕСІРТКІГЕ ЕЛІРТУ ЕРЛІК ЕМЕС, ЕСЕРСОҚТЫҚ


Шыны керек, жыл сайын есірткі саудасына әуес жаңақорғандықтардың саны артып келеді. Әрине, бұл деректі нақты фактімен сөйлеп отырмыз. Сырттан келген індетпен күрес қатаң бақылауда болғанымен, азаматтардың мұндай заңсыз әрекеті жанымызға батады. Аудандық соттың өндірісінде болған қылмыстық істердің статситикалық мәліметінен есірткі затын тұтынушылардың көбейгені көзге таңба басқандай көрініп тұр. Мәселен, 2018 жылдың 1-ші жартыжылдық қорытындысы бойынша 46 қылмыстық істің 8-і есірткі затын пайдаланушылардың әрекетінен туындаған. Ер еншісін алады, темір торға тоғытылады. Алайда, оның салдары елдің қабырғасын қайыстыруда.
Нақтысын айтқанда, Шалқия кентінде болған жайт бүкіл елдің еңсесін түсірді. Абыр-сабырға қалған кент тұрғындары өңір-өңірден келген тілшілерге сұхбат беруде. Нұр.кз сайтына берген сұхбатында шалқиялықтар ескі үйлерде есірткі пайдаланатындардың көбейгенін алға тартады. Міне, қазіргі қоғамның бір осал тұсы осында. Сондықтан, заңсыз сауданың пайдасы орны толмас қазаға соқтыруда. Жуырда аудандық сотта Бауыржан есімді азаматтың ісі аяқталды. ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігімен кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Әрі, мемлекет пайдасына сот-наркологиялық сараптамасына жұмсалған процестік шығындар өндірілсін.
Облыстық ІІД-нің қызметкерлерімен жүргізілген жедел-ісшаралар барысында мамыр айының 2-күні күдікті мінген автобус Жаңақорған аумғаныда, «Батыс-Еуропа – Батыс Қытай» тас жолының бойында тоқтатылады.  Арнайы қызметтік иттерді пайдалну арқылы күдіктінің сөмкесінен түссіз полиэтилен пакетке салынған салмағы 2,71 грамм болатын есірткі заты, яғни «героин» табылған. Сот талқылауында сотталушы өз кінәсін толық мойындап, есірткіні сатуға емес, өзі пайдалануға алып жүргенін айтып, жазасын жеңілдетуді сұрады.
Айта кету керек, сотталушы осыған дейін де абақтыда отырған екен. Соңғы рет ол қалалық соттың үкімімен ҚК-тің 10-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, 9 жылға бас бостандығынан айырылған. Алайда, 7 жылдан кейін босап, қайта қылмысқа барып отыр. Міне, қарапайым ғана бір мысал.
Қорыта айтқанда, «нашақорлық» пен «жемқорлыққа» қатысты алдын алу шаралары, Заң аясында түрлі бағдарламалар іске асырылып жатқанымен, бұл тақырып қоғамда әлі де өзекті болуда. Сондықтан, бұл дертпен қоғам болып күресіуге тиістіміз...
24 шілде 2018 ж. 932 0