№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Мен саған есірткі жайлы айтып беремін

Мен саған есірткі жайлы айтып беремін

Халықта мынандай дана сөз бар:
«Ақша жоғалтқаның- ештеңе жоғалтпағаның,
Уақыт жоғалтқаның-көп нәрсе жоғалтқаның,
Денсаулық жоғалтқаның-бәрін жоғалтқаның».
Қазіргі таңда бүкіл әлемді толғандырып отырған мәселелердің бірі-адам денсаулығы. Адам өміріне қауіп төндіретін жағдайларға соғыс, ашаршылық, экологиялық жағдайлар және адам ағзасына зиянды әрекеттер жатады. Осы жағдайлар ішіндегі бізге түсінбеушілік тудырып отырғаны, яғни адам ағзасын азғындайтын зиянды әрекеттер. Айта кетер болсақ, шылым шегу, ішімдік, есірткі (нашақорлыққа салыну) т.б. Осылардың ішінде қазіргі таңда белең алып, өршіп отырғаны қазіргі таңда белең алып өршіп отырғаны-есірткі тауқыметі.
Есірткі бұл адамның көңіл-күйін, сана-сезімін, мінез-құлқын бұзатын қауіпті, тыйым салынған химиялық зат. Ол адамның есін алып, құмарлық желігіне ұшыратады. Нашақор есірткісіз өмір сүре алмайтын бейшара хәлге түседі.
Есірткінің негізгі түрлеріне апиын, кокаин, көкнәр, марихуана және т.б. жатады. Барлығы да адам ағзасы мен психикасына әсер етіп зақымдайды.Бұқаралық Ақпарат Құралдарына сүйене отырып мынандай деректер біліп, шошығанымды жасыра алмаймын.
Біздің елімізде ресми түрде 48 мыңға жуық нашақор наркологиялық диспрансерде тұрса, ал тіркелмегендер саны одан әлдеқайда көп.
ҚазірдеҚызылорда қаласында нашақорлықтан емделетін диспансерлік орталықтар жұмыс істейді екен.
Республикамыздың есірткі бизнесі аумағында мыңдаған қылмыс тіркелгені көрсетілген. Бұның барлығы шындығында еліміз үшін жаға ұстатарлық жағдай болып отырғанын жасыра алмаймыз.
Мен осы тақырып аясында ізденіс жасап жүріп, отбасы мүшелерінде ойын білгенді жөн көрдім. Пікірлерін ести отырып, ата-анамның да, жалпы адамзат баласының есірткіге қарсы екендігіне анық көзім жетті. Біз отбасылық бас қосуда, қоғамдағы есірткіге салынушылар жайлы не ойлайсыздар деп, әкем мен анамнан сұрадым. Сол кезде әкем: осы есірткі турасындағы ойым дәрігер айтсын немесе заңсыз сатып алынсын мейлі, есірткі атауларының бәрі-у.
Турасын айтқанда, бұл-өлімге апаратын бірден-бір жол десе, анам «Есірткі деген-қоғам үшін айықпас қасірет» екенін, осындай жаман әдеттерден аулақ боп, жақсы әдеттерге жақын болса, әрбір өскелең ұрпақ болашақта дендері сау, салауатты адамзат болып, қоғамымыздың бір-бір кірпіші боп қаланатындары сөзсіз деп, өз ойларын жеткізе білді. Осы ойлардың барлығын жинақтай келе мен былай дегім келеді:
Бес нәрсемен қас бол, қор болмаймын десеңіз:
Ішімдік, темекі, нашақорлық, ұрлық, зорлық.
Бес нәрсемен дос бол, адам болам десеңіз:
Кісілік, ізгілік, ізеттілік,ілім,ғылым.
Біз есіркіге қарсымыз! Біздің бұл мәселе тұрғысында көзқарасымыз өзгеше, себебі біз болашаққа таза жүрекпен қараймыз!
Мен және менің отбасым барлық адамзат баласын осындай жаман әдеттерденаулақ болуға, білімімізді одан әрі жетілдіре білуге шақырамыз, өйткені біз- тәуелсіз               елдің жүрегіміз!

Қазбекқызы Шұғыла,
Қызылода облысы
Жанақорған ауданы
№247 жалпы орта мектептің
9-сынып оқушысы
#УПНДПКЗО
14 қаңтар 2021 ж. 1 030 0