№1 (8815) 7

07 қаңтар 2025 ж.

№103 (8814) 31

31 желтоқсан 2024 ж.

№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Сыбайлас жемқорлықтың жолын кесу сапалы қызметке жағдай туғызады

Сыбайлас жемқорлықтың жолын кесу сапалы қызметке жағдай туғызады

 
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет дегеніміз – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы арқылы жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі немесе олардың жиынтығы болып табылады.

Жаңақорған аудандық аумақтық инспекциясы Ветеринария саласындағы "Экспорттау кезінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге ветеринариялық сертификат беру" және "Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру" мемлекеттік қызметтерін көрсетеді.
Осы мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында тиісті іс-шаралар іске асырылуда. Атап айтқанда, қызмет көрсету мерзімін, қажетті құжаттар тізбесін қысқарту, өзөзіне қызмет көрсету орындары, мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға жасалған жағдайлар (пандус, көмекші шақыру батырмасы, т.б.). Сонымен қатар сапалы мемлекеттік қызмет көрсетудің бірден-бір жолы – цифрландыру болып табылады.
Бүгінгі таңда мекеме тарапынан көрсетілетін қызметтер толығымен электронды форматта жүзеге асырылады. Цифрландыру жүйесі қызмет алушы мен қызмет беруші арасындағы тікелей байланысын барынша жою арқылы қызмет сапасын арттырып, оңтайландыруға, лайықсыз кеңес беру, жұмыс кестесін сақтамау, басқа да негізсіз төлемдер мен құжаттардың талап етілуін болдырмау арқылы сыбайлас жемқорлықтың туындау себептерін жойып, жолын кесуге мүмкіндік береді.

И.Ахметов, ҚР АШМ ВБжҚК-нің Жаңақорған аудандық
аумақтық инспекциясының басшысы
02 қараша 2022 ж. 395 0