№88 (8799) 5

05 қараша 2024 ж.

№87 (8798) 2

02 қараша 2024 ж.

№86 (8797) 29

29 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Ауыл шаруашылығы жануарлары мен өнімдерін тасымалдау ережелері

Ауыл шаруашылығы жануарлары мен өнімдерін тасымалдау ережелері


Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» № 339 Заңының (одан әрі – Заң ) 25 бабына сәйкес, Жеке және заңды тұлғалардың жануарлар ауруларының, оның iшiнде жануарлар мен адамға ортақ аурулардың алдын алу жөнiндегi мiндеттерiнің 4 бөлігінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді ұстауға, өсiруге, пайдалануға, өндiруге, дайындауға (союға), сақтауға, өңдеу мен өткiзуге байланысты мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлерiн орналастыру, салу, қайта жаңғырту және пайдалануға беру кезiнде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезiнде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды сақтауға міндетті деп көрсетілген.
Заңның 21-бабының 1 тармағына сәйкес Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер Қазақстан Республикасының аумағында тасымалданған (орны ауыстырылған) кезде мiндеттi мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жатады және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 мамырдағы № 7-1/496 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдауды жүзеге асыру қағидаларының (одан әрі – Қағида) 3 тармағына сәйкес Тасымалдауға жататын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер Заңның 8-бабының 46-4) тармақшасына сәйкес бекітілген Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларына және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарға сәйкес берілген ветеринариялық құжаттармен қоса жүреді. Сондықтан ауыл шаруашылығы жануарлары мен өнімдерін заң талаптарына сәйкес ветеринариялық құжаттармен ( вет.паспорт, вет анықтама, заласыздандыру актісі) тасымалдау қажет. Ветеринариялық құжаттар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағыВетеринариялық құжаттарды беру қағидаларын және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы№ 7-1/453 бұйрығына сәйкес жануар иесінің өз өтініші негізінде тұрғылықты мекен-жайы бойынша орналасқан ветеринариялық ұйымдарда беріледі.
Қағиданың 4 тармағына сәйкес Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау үшін пайдаланылатын және пайдаланылған көлік құралдары Заңның 21-бабы 4-тармағына сәйкес міндетті дезинфекциялауға жатады. Ветеринариялық құжаттарға жануардың жеке нөмірі көрсетілген ветеринариялық паспорт және ветеринариялық анықтама жатады.
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы № 235 Кодексінің 406-бабына 2тармағына сәйкес, жоғарыда көрсетілгендеймемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердi күтіп-ұстауға, өсiруге, пайдалануға, өндiруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеуге және өткiзуге байланысты мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезiнде жасалған бұзушылық – жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғатынын ескертеміз.
Сондай-ақ Заңның 25-бабына сәйкес жеке және заңды тұлғалар жергілікті атқарушы органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелеріне, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдарға, мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органдарына:      жаңадан сатып алынған жануар (жануарлар), алынған төл, оның (олардың) сойылғаны мен өткізілгені жөнінде хабар беруге міндетті. Сатып алынған жануар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы «Жануарларды карантиндеу қағидаларын бекіту туралы»№ 7-1/700 бұйрығына сәйкес карантинделеді.

ҚР АШМ ВБжҚК-нің Жаңақорған аудандық аумақтық инспекциясы
17 тамыз 2020 ж. 1 876 0