№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР ЕРЕЖЕСІН САҚТАУ – ЕЛІМІЗДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ ЖОЛЫН КЕСУ

МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР ЕРЕЖЕСІН САҚТАУ – ЕЛІМІЗДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ ЖОЛЫН КЕСУ


Егемендік алғаннан бергі жылдар ішінде мемлекет басшысыны­ң саясатының арқасында қоғам дамуыны­ң барлық­ саласында түбегейлі өзгерістер болды­. Соның ішінде мемлекет­тік органдардың тиімді жүйесі мен құрылымы жасалып, мемлекет­ті басқарудың ұтымды үлгісі іске қосылды. Мемлекеттік кадр саясатын қалып­тастыру, халықтың мемле­кет­тік қызмет түрлеріне қолжетімділігін арттыр­у бағы­тында­ игі бастамалар жүзеге асырылуда. «Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан 2050» Стратегиясында: «
Мемлекеттік қызмет көрсету - бұл еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіші» - деп атап өткен. Осыған байланысты, мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыруға және аталған саланың дамуына басты назар аударуымыз қажет. Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы - мемлекеттік органдардың жұмысын бағалаудың басты өлшемі болып табылады. Мемлекет басшысы «ХХІ ғасыр барған сайын күрделеніп бара жатқан бүгінгі заманғы мемлекетті бас­қаруға жоғары талаптар қояды», - деген болатын. Мемлекеттік қызметте қағаз бастылықтан арыла алмай келе жатқанымыз рас. Осыған байланысты Елбасы халыққа арнаған Жолдауында ең әуеліқұжаттар тізбесін қысқарту керектігіне тоқталды. Электронды үкіметті дамыту, халықтың ком­пьютерлік сауаттылығын көтеру, халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін жақсарту, сол арқылы мемлекеттік қызмет сапасын арттыру жөнінде қадау-қадау тапсырма жүктеді. Олардың орындалуы – басты назарда. Мемлекет басшысының мұндай саясаты еліміздің одан әрі өркендеуіне, халқымыздың әл-ауқатының артуына, сыбайлас жем­қорлық көріністері мен бюрократтық тосқауылдардың азаюына негіз болады деп есептеймін.Яғни  мемлекеттік қызмет көрсету сапа­сы мемлекеттік қызметшілер жұмысы тиім­ділігінің басты көрсет­кіші болады және ол мемлекеттік тұтынушы ретінде тікелей халыққа арналуы тиіс. Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде халықтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтауды қамтамасыз ету белгілерінің бірі болып әкімшілік кедергілерді азайту, халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсету тиімділігін арттыру және мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету болып табылады.Осыған байланысты ҚР АШМ ВБжҚК-нің Жаңақорған аудандық аумақтық инспекциясында ҚР АШМ-нің06.06.2015 жылғы №7-1/418 бұйрығыменқарастырылған « Орныауыстырылатын  объектілерге  ҚРішінде  және  экспортқаарналған  ветеринариялық  сертификат»және  «Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын объектілердің экспортына,импортына және транзитіне рұхсат» беру мемлекеттік   қызметтері көрсетіледі. Аудандық аумақтық инспекциясында мемлекеттік  ішкі бақылау өткізу мен мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы жөніндегі жұмыстарға жауап беретін тұлғаларды бекіту жөнінде тиісті нормативті актілер қабылданған.Халықты хабардар ету үшін мемлекеттік органда – қызмет беру стандарттар мен регламенттер,  анықтама телефондарының нөмірлері, өтініш бланкілерінің үлгілері орналастырылған стенділер ілінген. жалпы  ережелерініңорындалуын  қамтамасыз  етумемлекеттік  қызмет  көрсетубарысында  сыбайлас  жемқорлыққажол  бермеу, алдын  алужәне  жолын  кесудің  бірден-бір тәсілі екеніне сенемін.
И.Ахметов,

ҚР АШМ ВБжҚК-нің Жаңақорған аудандық аумақтық инспекция басшысы.             
18 сәуір 2018 ж. 1 099 0