Сапалы мемлекеттік қызмет көрсетіп – сыбайлас жемқорлықтың жолын кесейік
Егемендік алғаннан бергі жылдар ішінде қоғам дамуының барлық саласында түбегейлі өзгерістер болды. Мемлекеттік органдардың тиімді жүйесі мен құрылымы жасалып,мемлекеттік кадр саясатын қалыптастыру, халықтың мемлекеттік қызмет түрлеріне қолжетімділігін арттыру бағытында жұмыстар жасалуда.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы - мемлекеттік органдардың жұмысын бағалаудың басты өлшемі болып табылады. Мемлекеттік қызметте қағаз бастылықтан арыла алмай келе жатқанымыз рас. Осыған байланысты құжаттар тізбесін қысқарту электронды үкіметті дамыту, халықтың компьютерлік сауаттылығын көтеру, халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін жақсарту, сол арқылы мемлекеттік қызмет сапасын арттыру басты назарда болуы қажет.Мұндай саясат еліміздің одан әрі өркендеуіне, халқымыздың әл-ауқатының артуына, сыбайлас жемқорлық көріністері мен бюрократтық тосқауылдардың азаюына негіз болады.Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде халықтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтауды қамтамасыз ету әкімшілік кедергілерді азайту,мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыру мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету болып табылады.Осыған байланысты ҚР АШМ ВБжҚК-нің Жаңақорған аудандық аумақтық инспекциясында ҚР АШМ-нің06.06.2015 жылғы №7-1/418 бұйрығыменқарастырылған « Экспорттау кезінде орыны ауыстырылатын(тасымалданатын) объектілерге ветеринариялық сертификат»және «Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қортынды» беру мемлекеттік қызметтері көрсетіледі. Аудандық аумақтық инспекциясында мемлекеттік ішкі бақылау өткізу мен мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы жөніндегі жұмыстарға жауап беретін тұлғаларды бекіту жөнінде тиісті нормативті актілер қабылданған.Халықты хабардар ету үшін мемлекеттік органда – қызмет беру стандарттар мен регламенттер, анықтама телефондарының нөмірлері, өтініш бланкілерінің үлгілері орналастырылған стенділер ілінген. Жалпы ережелердіңорындалуын қамтамасыз етумемлекеттік қызмет көрсетубарысында сыбайлас жемқорлыққажол бермеу, алдын алужәне жолын кесудіңбірден-бір тәсілі екеніне сенемін.
ҚР АШМ ВБжҚК-нің Жаңақорған
аудандық аумақтық инспекция басшысы И.Ахметов
аудандық аумақтық инспекция басшысы И.Ахметов