№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Орман жайы


Орман шаруашылығы экономиканың бір саласы десек артық болмас. Мемлекеттің басты байлығы саналатын табиғатты қорғау, табиғи ресурстарды сақтау адамзаттың қастерлі парызы саналады. Өйткені, келешек ұрпақтың ырыс-құтты, бақ-берекелі болуы бізден қалған байлыққа тікелей байланысты.
Сондықтан да «атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген тәмсілге сүйеніп, табиғи қорларды көздің қарашығындай сақтауымыз керек-ақ. Бұл жағынан алғанда шаншыған шыбық шықпай қоймайтын Жаңақорған жерінің азаматтарына артылар жауапкершілік жүгі аз емес.

 Біздің аудан ауыл шаруашылығымен қатар орман шаруашылығына да баса мән беріп келеді. Зер салып қарасақ, көп айтыла бермейтін орман шаруашылығының адам өмірі үшін орны бөлек. Осы орайда «Жаңақорған орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» бөлімі бастығының орынбасары Бақытжан Әбдусаметовпен тілдескен едік.

– Бізде 791 557 гектар жер, оның ішінде орманмен қамтылған аумағы 692 896 гектарды құрайды. Штаттық кестеге сәйкес мекемеде 76 қызметкер орманды күзету, қорғау және өсімін молайту жұмыстарымен айналысады. Орман қоры жерлері 4 орманшылыққа бөлінген – Жаңақорған, Төменарық, Ақтас және Түркістан. 2022 жылы орман көлемін арттыруға байланысты көктемде «Ордакент» уақытша тұқымбағының мектеп бөліміне 1,0 га жерге тал, жиде, терек ағаштары қаламшадан егіліп, сеппе бөлімі 1,0 га жерге үйеңкі, катальпа, қарағаш, айлант ағаштары тұқымнан себілді.

Жыл басынан бері 383 300 дана көшет қазылды, оның ішінде 358 000 мың дана сексеуіл көшеттері Арал теңізінің құрғаған ұлтанына егу мақсатында босатылды. Жалпы орман тұқымбақ бөлімінде күзгі санақ нәтижесі бойынша 790 000 мың данадан астам ағаш көшеттері өсірілуде. Аудан көлеміндегі шаруашылық жерлерінде және мемлекеттік орманды алқаптарда өрт болдырмаудың және өртке қарсы дайындық жұмыстарын жүргізу жайлы іс-шара жоспары жасалып, орман өртін болдырмау және алдын алу мақсатында мекемеде 2 дана өрт сөндіру автокөлігі мен 8 тұрақты өрт сөндірушілер қызмет атқарады. Ауылдық округтер мен елді мекендерге, шаруа қожалықтарға орман өрттерін алдын алу мақсатында 65 дана ескерту хаттары таратылды. Сондай-ақ, елді мекендер мен ауылдық округтер шаруашылығы тауар өндірушілерге 520 дана ескертпе плакаттар таратылып, 3 рет бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мақалалар жарияланып, 28 мәрте түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Орманшылық бойынша өрт қауіпті учаскелерде 2 дана өрт қадағалау мұнараларына күнделікті кезекшіліктер ұйымдастырылған. Түркістан облысы және Жаңақорған аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, елді мекендер, ауылдық округтердің ерікті өрт сөндіру жасақтарымен 2 мәрте бірлескен өрт тактикалық жаттығулары өткізілді, – дейді сала маманы.

Сала маманының сөзінше, орманды қорғау, күзету және қалпына келтіру маңызды. Ағаштарды кесу ормандағы ағаштардың сапасын көтеру, қорек жетіспегеннен қураудан сақтауға, зиянкес жәндіктердің таралуын болдырмау мақсатын көздейтінін алға тартты. Ия, орман шаруашылығы мекемелері тарапынан орманды күзету, қорғау және өсімін арттыру бойынша біршама жұмыстар атқарылып жатқанын білдік.

Негізі қазіргі таңда қоршаған ортаны қорғау мен табиғат байлығын тиімді пайдалану күрделі мәселе екені айқын. Біздің бар дәулетіміз, – туған өлкенің табиғаты. Ал, сол байлықты қорғап, қорын молайту бағытында қыруар қызмет етіп келе жатқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің еңбегі орасан.

P.S. Аспанмен таласып өсіп тұрған қарағайлар мен көктеректер қаулаған орман-тоғай арасында әрбір түп тал өткеннен сыр шертіп тұрғандай күйде қалдырады. Біз оның табиғи тап-таза, мөлдір күйінде сақталуына жанашыр болуымыз керек.

Әсел РЗАЕВА
27 наурыз 2023 ж. 598 0