№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Ескертпе

«Жаңақорған орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теңгеріміндегі жалпы орман қоры жері 791 557 га жерді құрайды. Оның ішінде орманды жерлер 691 639 га, ормансыз жерлер 99 918 га, орманмен қамтылған алқабы 541 756 га болып бөлінген.
Жоғарыдааталған орманмен қамтылған алқабы 541 756 га жердің 30% пайызын Қазақстан Республикасы Үкіметінің2006 жылғы 31 қазандағы
N 1034 қаулысымен бекітілген. Өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесiн енгізілген Тораңғыл терек (Populus pruinosa, Тополь сизолистый)  ағашы құрайды.
Қазақстан Республикасының Үкіметінің № 441 "Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзудан келтірілген залалдың мөлшерін есептеуге арналған базалық ставкаларды бекіту туралы" қаулысына 08.12.2020 жылы ҚР Үкіметінің №834  санды қаулысымен енгізілген өзгерістерге сәйкес, Қазақстан Республикасының "Қызыл Кітабына" енгізілген Тораңғыл ағашын шапқаны үшін әр бір данасына келесідей шығындары есептелінеді:
Өсуін тоқтату дәрежесіне дейін зақымдаған жағдайда әр түбіне
500 АЕК мөлшерінде, яғни 1 458 500 теңге көлемінде залал есептелінеді.
Өсуін тоқтату дәрежесіне дейін жойғаны немесе зақымданған жағдайларда - әр түбіне 1000 АЕК яғни 2 917 000 теңге көлемінде залал есептелінетіндігін ескертеді.

Исматов Бакытжан,
"Жаңақорған орман және жануарлар
дүниесін қорғау жөніндегі
мемлекеттік мекемесі"
Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
Орман қорғау және күзету жөніндегі
потолг  инженері
30 наурыз 2021 ж. 608 0