№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Телефонға тәуелділік

Телефонға тәуелділік


Ұялы телефон бүгінде әр адамның айнымас серігіне айналған. Еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін қолданатын бұл құрал өмірімізді күрт өзгертті.

Ең өкініштісі-ел болашағы болар жасөспірімдер арасында телефонға деген тәуелділіктің артып отырғаны. Елімізде әрбір бесінші баланың үшеуі бар уақытын телефонға арнайды екен. Барша халықты жайлаған бұл дертпен күрес басталғалы қашан? Жастарымыздың осылай телефонның торына түсіп, ғаламторға жіпсіз байлануының себебі неде?

Қазір қай жерге барсаң да, телефонға телмірген адамдардан көз ашпайсың. Қоғамдық көлікке отырғанда смартфондарына үңілген қатарластарымды көргенде ішім удай ашиды. Ал балалардың қолынан ұйқыға кеткенше телефон түспейді, таңертең көздерін телефон шұқылаумен ашады. Хош, бұл пайдалы іс болса үндемейсің ғой. Алайда, қазір смартфонның қажеттілігінен гөрі қызығы бітпей тұр. Ұялы телефонға тынымсыз телміру адамның физикалық денсаулығына кері әсерін тигізеді. Жас кезінен көздің көру қабілетінің нашарлауы,бала бойында агрессияның пайда болуы,барлығыда гаджетті ұзақ қолдану салдарынан болады. Тіпті кейде балалар қыршынынан қиылады.
Мысалы, өткен жылдан бері Алматы облысының өзінде екі оқуышының ұялы телефоны жарылып қайтыс болған. Қазір көп балалар смартфонды тоққа сұққан күйі басқалармен сөйлесіп отыра береді, бұл тоқ соғып жарақат алуға алып келеді. Көп жағдайда арты қайғылы оқиғамен аяқталады. Әрбіріміздің қолымызда,қалтамызда, сөмкемемізде жүрген смартфонның зиянын барлығымыз білеміз,алайда білмегендей кейіп танытамыз. Сонда жіберілмеген смс хабарламаны,көріп үлгермей жатқан телехикаямызды өз өмірімізден қымбат көргеніміз бе?

Әрине бұл жайттар барлық ата-ананы уайымдатады. Бірақ ,мүмкін қателік үйдегі тәрбиеденде болған шығар.Тек телефонға телмірген ата-анадан бала не үйренеді? Ең қорқыныштысы- адами байланыстардың азайып бара жатқаны.Мысалы, бір үйдегі үш-төрт адам кешкі дастархан басына жиналады, алайда мәре-сәре боп әңгіме айтудың орнына,әрқайсысы қолындағы гаджетіне үңіліп,өз әлемімен әлек болып отырады. Бұрындары қонаққа бара қалсақ, ата-әжелеріміз өмірлік сабақ,рухани азық болатын әңгімелер шертуші еді. Қазіргінің қарттары үйде де,қонақтада телефонға тесіле қарап отырады.Осы тұста тәрбие мен рухани байлықтың бастауы-отбасы екенін ұмытпауымыз керек.

Телефонға деген тәуелділіктен арылудың басты жолы- баланың бос уақытының болмауы. Сабақтан тыс үйірмелерге қатысып,кітаптар оқып,тілдік курстарға жазылу арқылы болашағын жарқын етуге болатынын біреу білсе, біреу білмейтіні өкінішті. Осы кеңестерімді жолдастарыма айтсам, олар телефонның жаңа ғасырдың құралы, өркениеттің бастауы екенін алға тартады. Әрине өркениетті өмір сүрген жақсы,алайда денсаулықтың басты байлық екенін ұмытпайық.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
Журналистика факультетінің 2-курс студенті
Мәжит Әлішер
25 маусым 2023 ж. 1 057 0