№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Кітаптың орнын ұялы телефон алмастыра ала ма

Кітаптың орнын ұялы телефон алмастыра ала ма


Қазіргі таңда өз еркімен қызыға кітап оқып отыратын жастарды аз кездестіреміз. Мүмкін содан да шығар, соңымыздан еріп келе жатқан жас буынның бойында басым. Адам бар білгенін кітапқа жазады, білмегенін кітаптан алады. Десек те қазіргі қоғамда халықтың басым көпшілігі интернеттің немесе ұялы телефонның көмегіне жүгінеді.

Интернеттің өмірімізге кеңінен енгені соншалықты қазіргі жеткіншектердің көбі таңның атқаннан кеш батқанша ұялы телефонға телміреді. Ғаламтор тек жақсы қасиеттерге үйретпейді, әрине, зиянды жағы да көп. Неше түрлі қосымшылар арқылы адамның психологиясын бұзуға әкеп соғады. Мысалы: Free fir. Earn to die. Zombie cathers т.б ойындардың бала зейініне пайдасы бар деп айта алмас едік. Бұдан да басқа ғаламтордың зиянды жақтарын айта өтсем.

Норвегия мен Данияның ғалымдары жүргізген зерттеулерге сәйкес, ұялы телефонды пайдаланушылар көбіне бас ауруына шалдығады екен. Бұған дәлел Америкада 90-шы жылдардың басында ерекше сот процесі өтті. Адвокаттар ми ісігінен зардап шеккен әйелдің өліміне ұялы телефонның әсер еткенін дәлелдей алды. Телефонның тағы бір зардабы, көру қабілеті нашарлайды. Ресейде егүеуқұйрықтарға өткізілген эксперименттер кезінде электромагниттік толқындардың әсерінен жануарлардың көру қабілеті төмендеген.

Дегенмен ұялы телефонның пайдасы жоқ деуге болмайды. Интернеттен қажет ақпараттарды ала аламыз, адамдар арасындағы байланысты кеңейтеді, керек кезде калькуляторды, оятқышты, сағатты, шамды, камераның қызметін атқарып, адам өміріне қызмет айқын. Жоғарыдағы ұялы телефонның кесірінен болған жағдайлар сіздің өміріңізде қайталанбас үшін телефонды аса қажет болмаса телефон пайдаланбаңыз, кішкентай балалардың қолына бермеңіз. Жүктілік кезінде қолданбаңыз. Ұялы телефонмен 5 минуттан артық сөйлеспеңіз. Миыңызды тынықтыру үшін күніне 2 сағат кітап оқыңыз дегім келеді.

Кітап ең бірінші біздің рухани қазынамыз. "Өзіңді танығың келсе кітап оқы, өзгені танығың келсе кітап оқы" деген екен Расул Ғамзатов.

Бірде Ғабит Мүсірепов айтқан екен: "Кітап дегеніміз алдыңғы ұрпаққа қалдырған рухани өсиет, кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік". Кітаппен дос болған адамның ой өрісі кең, тілі көркем, мәдениеті жоғары, саналы, жан жақты адам болары анық.
07 маусым 2022 ж. 870 0