Соңғы жаңалықтар

«СКЗ-U» ЖШС – Алтын жүлде иегері

05 желтоқсан 2025 ж. 1 386

№93 (8907) 6

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Әлем ақыны Мұхтар Шаханов

Әлем ақыны Мұхтар Шаханов


"Қазақстанның Еңбек Ері", халық жазушысы,ақын Мұхтар Шахановтың 80 жасқа толуына орай ұйымдастырылған "Ұлт тілін ұлықтаған" атты аудандық көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы болып өтті.

Байқауға Сунақата,Бірлік,Қыраш,Қосүйеңкі,Жаманбай батыр,Келінтөбе,Қаратөбе,Өзгент,М.Нәлібаев және кент орталығындағы 163 мектебінен барлығы 13 өнерпаз бақтарын сынады.

Байқауға аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жетекші маманы М.Шынбаева,аудандық мәдениет үйінің "Жастармен жұмыс"бөлімінің меңгерушісі А.Найманбай және "Арман мәдениет үйінің" өнерпазы Р.Ұлықпановалар төрелік жасап, қорыта келе Бас жүлде -Мерей Жүнісәліге 163 мектеп оқушысы,1-орын Сунақата ауылы өнерпазы Ақмаржан Ташмахан ,2-орын Жаманбай батыр ауылынан Мейіржан Толысбек,3-орын Өзгент ауылының өнерпазы Ақмаржан Оразбекке бұйырды.Жеңімпаздар диплом мен бағалы сыйлықтармен және қатысушы үміткерлердің барлығы алғыс хаттармен марапатталды.Тақырыпқа сай кенттік кітапхана ақынға арнайы кітап көрмесін ұйымдастырды.







29 қыркүйек 2022 ж. 621 0