№23 (8937) 31

31 наурыз 2026 ж.

№22 (8936) 28

28 наурыз 2026 ж.

№21 (8935) 22

22 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » «Әдепті келін - Әдемі» жас келіндер байқауы өтті

«Әдепті келін - Әдемі» жас келіндер байқауы өтті


Бүгін, Жаңақорған аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қолдауымен, «Жастар одақтары» ҚБ ұйымдастыруымен "Әдепті келін - әдемі" жас келіндер байқауы өтті. Кент, ауылдық округтерден 5 әулеттің жас келіндері қатысып, бақ сынасты.


Байқаудың ережесі бойынша қатысушылар 1-кезеңде "Таныстыру" тақырыбында өз отбасын, барған жерін таныстырды. 2-кезеңде (ән,би,қарасөз,т.б) өз өнерлерін көрсетіп, кезекті 3-кезеңде сұрақ-жауап кезеңі өтіп, салт-дәстүр бойынша білімдерін ортаға салды. Соңғы қорытынды кезеңде "Үй тапсырмасы"(қолөнер, тамақ түрлері т.б.) бойынша сынға түсті. Байқауда әділ қазылар мүшелері ретінде Арман кенттік мәдениет үйінің директоры К.Абильтанова, аудандық кітапхана қызметкері М. Кадирбергенова, Жастар ресурстық орталығының маманы А. Исматова төрелік етті.

Байқау қорытындысы бойынша:
І-орын. Мырзабековтер әулетінің Тұрсынай Мағауияқызы (Жайылма ауылы);
ІІ-орын. Абуовтар әулетінің келіні Асылзат Мустафаева(Сүттіқұдық ауылы);
ІІІ-орын. Ыскаковтар әулетінің келіні Айнұр Мәден (Жаңақорған кенті).

Сонымен қатар, Ақүйік ауылының келіні Оспан Ұлбосын мен Түгіскен ауылының келіні Абияхас Аружан алғыс хаттармен және ынталандыру сыйлықтармен марапатталды.

22 шілде 2022 ж. 1 160 0