Абай атындағы көркемсөз байқауының жеңімпаздары анықталды
Кеше «Тау самалы» тынығу лагерiнде 10 тамыз - Абай күнiне орай «Абай мұрасы» атты 8-14 жас аралығындағы көркемсөз оқу шеберлерінің облыстық байқауы өтті.
Аталған байқауды Жаңақорған аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен, Манап Көкенов атындағы мәдениет үйі және Қыраш ауылдық клубы ұйымдастырды.
Көркемсөз оқу шеберлерінің облыстық байқауына облыс аудандарынан 12 өнерпаз қатысты.
Әсіресе, көрермендерді оқу шеберлігімен тәнтті еткен Сармырзаев Ержiгiт, Әмитбек Айару мәтінді мәнеріне жеткізіп көрермен жүрегіне жол салды. Олар қазақтың төл дыбыстарын ашық, нақты мәнерлі әрі әуезді жеткізді.
Сахна төрінде Абай Құнанбайұлының қара сөздері мен өлеңдері оқылды.
Қазылар алқасының төрағасы - ҚР Мәдениет саласының үздігі Уәли Ибрагимов, «Жаңақорған тынысы» газетінің тілшісі Әсел Ибрагимова, аудандық мәдениет үйінің «Жастармен жұмыс» бөлiмше меңгерушісі Айжарқын Найманбай Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің жеңімпаздарын анықтады.
Байқаудың бас жүлдесі Қызылорда қаласынан келген Сармырзаев Ержiгiтке бұйырды. Ал, бipiншi жүлде Жаңақорған ауданынан қатысқан Әмитбек Айаруға, екiншi жүлде Сырдария ауданының өнерпазы Жарылқасын Шарифке және Шиелі ауданына келген Үсенова Нұрданаға, үшінші жүлде үшеу оны Қармақшы ауданынан қатысқан Жақсылықова Мерей мен Жалағаш ауданынан келген Бахтияр Нұрайым және Жаңақорған ауданының өнерпазы Анарбай Инабат өзара бөлісті. Жеңімпаздар диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталады.