» » "О, гитара, шырқайық сені" байқауы өз жеңімпаздарын анықтады!

"О, гитара, шырқайық сені" байқауы өз жеңімпаздарын анықтады!


Жаңақорған ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен М. Көкенов атындағы аудандық мәдениет үйі және "Экспресс" халықтық вокалды- аспапты ансамблінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында " О, гитара, шырқайық сені" атты әнші-гитарашылар арасында облыстық онлайн байқауы өткен болатын. Байқауға 15 үміткер қатысты. Қатысушылардың өнерін белгілі музыканттар: әнші- композитор, Жаңақорған ауданының құрметті азаматы Д.Сыздықов, Облыстық филармонияның музыквлық жетекшісі әнші, композитор Ғ. Елубаев және "Экспресс" ансамблінің жетекшісі С. Жаңабеков қазылық етіп, жүлдегерлерді анықтады.

Бас жүлде Қызылорда қаласының өнерпаз қызы Әйгерім Өмірбекке бұйырды.
Бірінші орын Жаңақорған ауданы, Келінтөбе ауылы әнші- композиторы Оразғали Бидашев жеңіп алды.
Екінші орынға тағы бір Төменарық ауылының жас өнерпазы Нұрислам Тлеухан мен сырдариялық Орынбасар Тәңірберген ұпай санымен өз ара бөлісті.Үшінші орын үш әнші-гитарашыға бұйырды.Олар: Ержігіт Әділбек (Жаңақорған ауданы), Айляззат Сүлейменова (Сырдария ауданы) және шиелілік Еркін Тоқмырза.
Байқауға қатысқан басқа үміткерлерге түрлі номинация мен "Алғыс хат" тағайындалды. Қатысушылардың тиесілі сый- сыяпаттары мен дипломдары бір апта көлемінде табыс етіледі.
Байқауымызға Қазалы ауданынан қатысқан 62- жастағы өнерпаз Дәуренбек Ермаханов ағамыз арнайы "Ардагер өнерпаз" номинациясына ие болғанын тағы айтамыз. Құттықтаймыз!
16 тамыз 2021 ж. 496 0