№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Текті сөздің төресі – терме

Текті сөздің төресі – терме

Кеше Манап Көкенов атындағы аудандық мәдениет үйінде Жаңақорған ауданы ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ қолдауымен, аудандық мәдениет үйінің «Жастармен жұмыс» бөлiмшесi мен «Ашық азаматтық қоғам» ақпараттық ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Текті сөздің төресі - терме» тақырыбындағы облыстық жас терме орындаушыларының байқауы өтті.
Биылғы жылмен төртінші рет өтіп отырған дәстүрлі сайысқа аймақтың 14-18 жас аралығындағы 13 өнерпазы қатысты.

Бұл жолы ұлт өнерін насихаттауды көздейтін мәдени шараның арнасы кеңейіп, облыстық деңгейде өткізілді. Осы жылы қатысушылар саны да артық, жүлде қоры да қомақты.
Үміттерін үкілеп келген термешілер II кезең бойынша өнер көрсетті. I кезең Сыр бойының сыршыл мақамымен бip терме орындады, ал II кезең бойынша әр қатысушы өз қалауымен кез-келген термені орындап шықты. Байқауға қатысушылар ішінде тәжірибелі термешілермен қатар ұлттық өнерге алғаш келіп отырғандар да кездеседі.

Байқау қорытындысы бойынша, Қызылорда қаласынан келген Мусаева Аида «Жiгерлi өнерпаз» аталымы бойынша марапатталды. Ал III орынды қармақшылық Мархабатова Шұғыла мен жалағаштық Дiлдәбекқызы Аңсаған бөлісті. II орынға Сырдария ауданының намысын қорғаған Әбдікәрім Дулат пен шиелілiк Сүгірәлиев Дидар лайық деп танылды. I орын жаңақорғандық Әбiлтай Аружанның еншісінде. Ал, қатарынан қара үзiп шыққан Арал ауданынан келген Файзуллақызы Жансая Бас жүлдені жеңіп алды.

Жастар ресурстық орталығы 

05 қараша 2020 ж. 1 120 0