Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Судың жайын мұрап біледі

Судың жайын мұрап біледі


Соңғы жылдары дария арнасынан тым төмен түсіп, диқандардың мазасын алғаны рас. Әсіресе, нәпақасын күрішпен көріп, кәсібін дөңгелетіп отырған ағайынға ауыр тиюде. Дегенмен, бұл да уақытша деп білетін дала еңбеккерлері үмітін үзбей келеді. Көктем түссе иығына кетпенін асып, егіс даласына тартатын диқандар қазір ойланатын болды. Су жетпей қалса, ала жаздай еткен еңбек далада қалады. Міне, осындай қарбаласта егінші қауымға аяқ суды уақытылы жеткізіп беріп, саналы ғұмырын мұраптың қызметке арнаған сушы маандар ауданда аз емес. Сыр беткейдегі ауылдардың ішінде жаңарықтық Әбдірахман ағамызды барлығы таниды. Қазір зейнет жасында болса да, ел еңбеніп елеп, ауылға қызмет ете тұруға өтініпті.


  40 жылдан бері егінге су жіберу ісін адал атқарып жүрген Әбдірахман Сапарбаевпен сұхбат құрып, су мәселесі төңірегінде тарқата әңгімелескенбіз.

 – Шыны керек, су мәселесі өте күрделі процес. Өйткені, біздің жерлерге күріш егілмесе тұзданып, жарамсыз күйге түсетінін білеміз. Жыл сайын белгіленген нұсқаулық арқылы күріш егудеміз. Көктем шықса күрішші қауым алаңдатып отырады. Шүкір, биыл да судан тарықпай, аман шықтық. Келер жылы жоспар қандай болары белгісіз. Әриен, бақша өнімдерінің пайдасы көл-көсір, яғни, әртараптандырудан табыс тұрақты түседі. Дегенмен, біздің аумақтар күріштікке жер сіңген. Қалғаны уақыт көрсетеді, – деді сала ардагері.

  Биыл аудан бойынша 6000 гектардан астам күріш орналастырылса, соның 400 гектары Жаңарық ауылына тиесілі. 40-тан астам шаруа 6 ай бойы дала төсінде жүріп, күрішін баптап, күзде жинап алуға дайындалады. Биыл да сол дәстүрмен жалғасып, қазір орым басталды. Су тартылып, егіншілер өнімін шашпай-төкпей жинап алуда.

 – Біздің сала маусымдық кезде арта түседі. Әсіресе, күріш дәні толық себліп болған соң күріш бастыру науқаны басталады. Сол кезде шаруалар аяқ судан тарылып қалмауы керек. Сондықтан, алдын ала егіс көлемін реттеп, судың деңгейін түзеп қою оңай шаруа емес. Кейде су жетпей қалған тұста, дереу әрекетке көшеміз. Кешегі егемен ел болмай тұрған тұста да, тоқсаныншы жылғыт оқырауда да егіншілердің сумен қамтамасыз етуге бар күш-жігерімізді жұмсадық. Енді міне, 60-тан асып, 70 жасқа қадам басқан шақта да шаруалар бірге келемін, - деді еңбек адамы.

 Кейіпкеріміздің өзі де шаруашылығын дөңгелетіп отыр. «Әден» деп аталатын қожалықтың иесі. Осы жылдар еткен еңбек еш кетпей қаншама рет марапат биігінен көрінді. Ауыл шаруашылығы министрінің аранйы алғысы, былтыр Республикалық Кәсіподақтың «Елеулі еңбегі үшін» медалі кеудесіне тағылды.

 – Жаңарық жұрты мал және егін шаруасымен ширап отырғаннан кейін бізге ең әуелі аяқ су өте маңызды. Әсіресе, егін науқанында диқандар су мәселесіне келгенде мазасызданады. Осындай сәтте сала мамандарының еңбегі көрінетіні рас. Әбдірахман ағамыз 40 жыл табанды қызмет жасады. Ауыл жұрты ағамыздың еңбегіне разы. Сондықтан зейнетке шықса да, уақытша болса да қызметте қалуын өтіндік. Бұл, қаншама жылғы еңбектің өтелгені, – деді ауыл әкімі Ақжан Тұрғанбаев.

 Иә, тығырық сәтте тыңнан жол тауып, егінші еңсесін еңкейтпей алып шығуды көздейтін мұраптардың мақсаты да айқын. Оларды қалай дәріптесек те артықтық етпейді. Ең бастысы, егінмен есейіп келе жеткен елге аяқ су тапшылығы кедергі болмаса болғаны. Қалғаны уақыт көшінде реттеледі.

 Міне, осындай тынымсыз тіршіліктің басы-қасында жүріп, алты ай дала еңбеккерлермен тер төгіп, егіннің бітік шығуына атсалысып жүрген азаматтың еңбегі мақтауға тұрарлық. Жары Тотыгүл анамыз екеуі 2 ұл, 1 қызды тәбиелеп, қанаттандырды. Зейнетке шықса да, елдің еңсесін түсірмей, еңбек етіп жүрген мұраптың арманы – елдің егісі бітік, судың мол болуы. Бұл қызметтегі мақсат-мүддесі, жалпы азаматтың адалдығы мен іскерлігіне осылай бір күндік жұмысымен осылай таныстап қайттық.
01 шілде 2023 ж. 468 0