Соңғы жаңалықтар

№25 (8939) 7

07 сәуір 2026 ж.

№24 (8938) 4

04 сәуір 2026 ж.

№23 (8937) 31

31 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы

Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы


Солтүстік батыс антициклонының әсерінен бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет.


Тек еліміздің оңтүстік-шығысында, шығысында, солтүстігінде атмосфералық фронттарға байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді, түнгі және таңғы уақытта еліміздің шығысында тұман түседі.

Қызылорда облысында, Түркістан облысының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, Атырау облысының батысында, шығысында, Абай облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Атырау облысының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында қатты ыстық сақталады.

25 тамыз 2022 ж. 497 0