Құрылтай

Соңғы жаңалықтар

№61 (8975) 15

15 тамыз 2026 ж.

№60 (8974) 11

11 тамыз 2026 ж.

№59 (8973) 8

08 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Дүйсенбіге арналған ауа райы

Дүйсенбіге арналған ауа райы


8 тамызда атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен еліміздің оңтүстік жартысы мен солтүстігінде жаңбыр жауады, деп хабарлайды Қазгидромет.


Күндіз солтүстікте және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады, сондай-ақ найзағай, екпінді жел, бұршақ пен дауыл күтіледі. Қазақстанның қалған бөліктерінде дүйсенбі жауын-шашынсыз өтеді. Республиканың оңтүстігінде күндіз шаңды дауыл болжанады.

Таңертең және күндіз Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз Ақмола облысының шығысында, Жамбыл, Түркістан облыстарының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады.

Күндіз Батыс Қазақстан облысында қатты ыстық күтіледі, Атырау облысында қатты ыстық сақталады.

Қызылорда облысының басым бөлігінде, Түркістан облысының оңтүстігінде, шығысында, Атырау облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.
08 тамыз 2022 ж. 574 0