Соңғы жаңалықтар

АДАМ ДОСЫМЕН МЫҚТЫ

03 қыркүйек 2026 ж. 530

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (8979) 29

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Бейсінбіге арналған ауа райы болжамы

Бейсінбіге арналған ауа райы болжамы


Синоптиктер 18 тамызға арналған ауа райы мәліметін таратты, деп хабарлайды Қазгидромет.


Кәсіпорын болжамына қарағанда, ауқымды Солтүстік Батыс антициклонының әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде күн жауын-шашынсыз болады. Сонымен қатар температуралық фон ақырындап төмендей береді. Фронталды бөліктерге байланысты республикамыздың солтүстігінде, шығысында, орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейіп, еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында түнгі сағаттарда тұман түседі, түнде республиканың солтүстігінде, шығысында топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік жүреді.

Күндіз Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Атырау облысының шығысында қатты ыстық болады.
Қызылорда облысының оңтүстігінде, Түркістан облысының шығысында, Атырау облысының батысында, Батыс Қазақстан Маңғыстау, Жетісу облыстарының оңтүстігінде, Алматы облысының шығысында, Жамбыл облысының оңтүстігінде, батысында, Абай облысының Бесқарағай ауданында төтенше өрт қаупі сақталады.

18 тамыз 2022 ж. 642 0