№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы

Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы


Ауқымды Солтүстік Батыс антициклон әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы, сонымен қатар температуралық фонның ақырындап төмендеуі күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.


Фронталды бөліктерге байланысты республикамыздың шеткі солтүстік аудандары мен шығысында жаңбыр жауып, найзағай болады, екпінді жел соғады. Республика бойынша кей жерлерде түнгі сағаттарда тұман күтіледі.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Атырау облысының шығысында өте қатты ыстық сақталады.

Күндіз Маңғыстау облысында, Ақтөбе облысының оңтүстік-батысында қатты ыстық сақталады, Алматы облысында қатты ыстық күтіледі.
Қызылорда облысының басым бөлігінде, Түркістан облысының оңтүстігінде, шығысында, Атырау облысының батысында, шығысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Алматы облысының шығысында, Жетісу облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
16 тамыз 2022 ж. 292 0