№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қай өңірде аптап ыстық болады?

Қай өңірде аптап ыстық болады?

9 шілдеде Қазақстанның шығысында күн күркіреп, жаңбыр жауады, ал ел аумағының қалған бөлігінде – жауын-шашынсыз. Кей жерде жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады, солтүстікте түнде және таңертең тұман түсуі, оңтүсті-шығыста бұршақ жаууы ықтимал. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК хабарлады, – Егемен Қазақстан тілшілері.

Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе, Жамбыл, күндіз Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Қызылорда облысында шаңды дауыл тұрып, Жамбыл облысының кей жерінде бұршақ жаууы мүмкін. Түнде Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерінде тұман күтіледі, Павлодар облысының кей жерінде жел 18 м/с күшейеді.

Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының күндіз оңтүстігінде, Маңғыстау облысында, Ақтөбе, Қызылорда облыстарының оңтүстігінде күндіз аптап ыстық күтіледі.

Қызылорда, Атырау облысының басым бөлігінде, Түркістан, Жамбыл облыстарының кей жерінде Алматы, Қарағанды, облыстарының батысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.
09 шілде 2020 ж. 778 0