Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Сәрсенбіге арналған ауа райы болжамы

Сәрсенбіге арналған ауа райы болжамы


Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен 10 тамыз күні Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.


Елдің орталығында, солтүстігінде және оңтүстік-шығыстағы таулы аудандарда қатты жаңбыр жауады, найзағай ойнап, жел тұрады. Күндіз бұршақ пен дауыл болжанады. Республиканың солтүстігінде түнде және таңертең тұман, оңтүстігінде түнде және таңертең шаңды дауыл болады.

Қарағанды облысының басым бөлігінде, Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында, Павлодар облысының оңтүстігінде, Жамбыл облысының таулы аудандарында және Алматы облысында қатты жаңбыр күтіледі.

Күндіз Атырау облысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде қатты ыстық сақталады. Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында қатты ыстық күтіледі.

Қызылорда облысының басым бөлігінде, Түркістан облысының оңтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
10 тамыз 2022 ж. 463 0