№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды

Бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды


Күндіз 20 тамызда Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, күші облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында 15-20 м/с шаңды дауылмен күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда қаласында жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с шаңды дауылмен күтіледі. Түркістан облысының батысында шаңды дауыл күтіледі. Таулы аудандарда және облыстың батысында солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.  
Түркістан қаласында кей уақытта шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында 15-20 м/с қүтіледі. Облыстың барлық аумағында төтенше өрт қаупі сақталады.
Орал қаласында күндіз 40 градус өте қатты ыстық қүтіледі.
Қарағанды облыстың оңтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Жезқазған қаласында күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 18 м/с күтіледі.
Жамбыл облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі. 20-22 тамызда солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында 15-20 м/с, 21 тамызда екпіні 23 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Тараз қаласында күндіз 20-21 тамызда солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
19 тамыз 2021 ж. 422 0