Топ-баннер
Топ-баннер2

№18 (8932) 7

07 наурыз 2026 ж.

№17 (8931) 3

03 наурыз 2026 ж.

№16 (8930) 28

28 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы

Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы


Синоптиктер бейсенбі күні ауа райы құбылмалы болатынын мәлімдеді: еліміз бойынша жел күшейіп, жаңбыр жауады, оңтүстік өңірде аптап ыстық болады.


 «Атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады: найзағайлы жаңбыр, солтүстікте, шығыста бұршақ, оңтүстікте, оңтүстік-батыста шаңды дауыл күтіледі. Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады», деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК
 Синоптиктердің болжауынша, күндіз Алматы, Жетісу, Жамбыл, Түркістан облыстарында аптап ыстық болады.
Қызылорда, Алматы облыстарында, Абай облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының шығысында, Атырау облысының батысында, шығысында Ұлытау облысының оңтүстік-батысында, Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында, Жамбыл облысының оңтүстігінде, Павлодар облысының орталығында, Түркістан облысының солтүстігінде төтенше өрт қауіпі күтіледі.

30 маусым 2022 ж. 618 0