№81 (8994) 24

24 қазан 2026 ж.

№80 (8993) 20

20 қазан 2026 ж.

№79 (8992) 17

17 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Қызылорда облысында 4 221 талапкер грант иегері атанды

Қызылорда облысында 4 221 талапкер грант иегері атанды

 
2021-2022 оқу жылының қорытындысы бойынша Қызылорда облысы көлемінде 7 506 оқушы мектеп бітіріп, олардың 6 570-і ҰБТ-ға қатысты.


Тестілеу нәтижесімен жоғары оқу орындарына 5 439 оқушы құжат тапсырып, 4 082 талапкер мемлекеттік білім беру грантына қол жеткізді. Бұл көрсеткіш өткен оқу жылымен салыстырғанда грант иегерлерінің саны – 233 түлекке көбейіп отыр.
Гранттардың бөлінісі бірнеше басым бағыттарға қарай тағайындалды. Атап айтқанда, 1 562 талапкерлер педагогика саласына гратқа түссе, медицина мамандығына 328, ауыл шаруашылығы және техникалық мамандықтарға 1500 оқушы грант иегері атанған.
Айта кетейік, 2021-2022 оқу жылының қорытындысы бойынша «Алтын белгі» белгісін алған түлектердің 160–ы, яғни 41,1 %-ы педагогикалық бағыттағы мамандықтарға оқуға қабылданған.
15 тамыз 2022 ж. 1 085 0