№81 (8994) 24

24 қазан 2026 ж.

№80 (8993) 20

20 қазан 2026 ж.

№79 (8992) 17

17 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Қызылордада 3 849 талапкер грант иегері атанды

Қызылордада 3 849 талапкер грант иегері атанды


Kyzylorda-news.kz. Биыл Қызылорда облысында 5 184 оқушы мемлекеттік грантқа өтініш берген. Оның 3 849-ы грант иегерлері атанды.

Өткен оқу жылымен салыстырғанда грант иегерлерінің саны – 791 түлекке көбейіп отыр.Гранттардың бөлінісі бірнеше басым бағыттарға қарай тағайындалды. Атап айтқанда, педагогика саласы мен медицина, ауыл шаруашылығы және техникалық мамандықтарға гранттар алынған. Облыс бойынша грантқа үміткер болған 3 849 оқушының басым бөлігі педагогикалық және техникалық мамандықтарды таңдаған. Тарқатып айтқанда, 1 303 талапкер педагогикалық, 361 түлек медициналық бағытты таңдаса, 1 173 үміткер техникалық мамандықтарға таңдау жасаған. Ал, 217 түлек ауыл шаруашылығы бағытына баруды көздейді. Сонымен бірге 795 түлек өзге де бағыттағы мамандық иесі болуды қалады.
Айта кетейік, 2020-2021 оқу жылының қорытындысы бойынша «Алтын белгі»иегерлерінің 190 – ы, яғни 35%-ы педагогикалық бағыттағы мамандықтарға оқуға қабылданып отыр.
16 тамыз 2021 ж. 798 0