Соңғы жаңалықтар

№48 (8862) 1

01 шілде 2025 ж.

№47 (8861) 28

28 маусым 2025 ж.

№46 (8860) 24

26 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Грант иелері анықталды

Грант иелері анықталды

Талапкер үшін ең қуанышты сәт – өзі қалаған университетке грант негізінде оқуға түскені жайлы қуанышты хабармен қауышуы дер едік. Биылғы ұлттық бірыңғай тестілеуге аудандағы 42 мектептен 655 мектеп бітіруші қатысып, бақтарын сынаған-ды. Енді олардың арасында студент атанғандары қуанып, жоғарғы оқу орындарына құжат тапсыруда. Біз бірнеше мектепке арнайы хабарласып, грант иелері жайлы біліп, құттықтадық.
 
Білім және ғылым министрлігі 2020-2021 оқу жылына мемлекеттік  69 256 мың грант бөлген болса, оның 53 785-і бакалавр, яғни мектеп бітірушілеріне арналған.  Бұл грантқа әрбір тестілеуге қатысып, шектік 50 балл  жинаған талапкердің үміті бар. Сондай талапкердің бірі – Гүлжайна Талғатқызы. Ол №163 мектепті жақсы оқып, өз білімімен грантқа ілінгеннің бірі. Карантин оның тестке дайындалуына еш кедергісін келтір­меген. Қайта бос уақытты тиімді пайда­ланып, дайындығын күшейте түскен.
– Мен Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің грантына ие болдым. Биология және химия пәнін таңдаған болатынмын. Білім бәйгесіне 91 бал­мен қатыстым.  Алла бұйыртса, мұғалім мамандығын игеріп, туған жеріме  қызмет етемін, – деді студент.
Айта кететіні, №163 мектепте Гүлжайнадан бөлек 30 талапкер білім грантына ие болды. 
Сүйінші жаңалықпен бөліскен­дердің бірі – Төменарықтағы №223 мектептің директоры Болат Әбен. Ол биылғы тестке қатысқан 12 оқушының 11-і грант иегері атанғанын қуана жеткізді. Ал 1-уі облыс әкімінің грантынан үмітті. Ал ең жоғарғы балл жинаған Айым Еркінбек Ақтөбе қаласындағы Марат Оспанов атындағы университетінің студенті атанған. Грантқа ие болған талапкерлер түрлі саланы таңдаған. Атап айтар болсақ, екеуі медицина мен мұғалімдік мамандықты және ақпараттық технологияны таңдаса, бір-бір талапкер ветеринария, азық-түлік, орман шаруашылығы саласына мән беріпті. 
Жыл сайын ұлттық бірыңғай тес­тілеуден жоғарғы көрсеткішке ие болып жүрген №54 Ж.Қыдыров атындағы мектеп биыл қандай көрсеткішке қол жеткізді? Бұл сұрақ­­ты мектеп директоры Мұхтар Мелде­бековке қойдық.
– Мектепті бітірген 20 оқушының 19-ы тестілеуге қатысты. Оның 10-ы грантқа түссе, қалған 9-ы колледжге құжатын тапсырды. Ал ең жоғарғы балл жинаған Анель Керімбек, медицина мамандығы бойынша университетке түсті, – деді ол.
Ал Қыркеңседегі № 213 мектепті басқаратын Қалдыбай Елемесов білім ордасынан биылғы бітірген 11 оқушының 10-ы тестілеуге қатысқанын айтты. Оның алтауы білім грантына ие болды. Біреуі жоғарғы оқу орнының ақылы бөліміне түссе, 2-уі колледжге құжат тапсырды. Ең жоғарғы балл жинаған Арман Ермекбай ІТ маманы болуға талап қылып отыр екен. Бізді Арманның сұраныс жоғары мамандықты таңдағаны қуантты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биыл ауыл шаруашылығы мен инженерлік саланы көптеп қамтуды шегелеп тапсырған болатын. Сондай-ақ жоғарғы оқу орындарының рейтингі олардың грантты иемденген студенттерімен емес, жұмысқа тұрған студенттерінің көрсеткішімен өлшенеті- ні жөнінде айтқаны өзекті.
Осыған орай 14 681 грант инженер кадрларын даярлауға бөлінді. Оның ішінде, құрылыс мамандықтары үшін 2500, электротехника және энергетика мамандықтарына 1800, тау-кен өндірісіне 1702 грант бөлінген болатын. Грант саны бойынша педагогика алда тұр, оған 8243 грант бөлінді. 4088 грант жаратылыстану, математика және статистика саласына бөлінген болса, 3 815 грант ақпараттық-коммуникациялық технологиялар үшін, 2 700 грант денсаулық сақтау саласына,  1 565 грант ауылшаруашылығы үшін, 979 грант іскерлік, басқару және заңгерлік мамандықтарына бөлініпті.
Биылғы жылғы ерекшелік, бітіру­шілер қорытынды емтиханнан боса­тылды. Мұның өзі талапкерлерге тестке алаңсыз дайындалуға жағдай туғызды.
Иә, бүгінгі жас – елдің ертеңгі мызғымас тірегі, келешек келбеті. Сол себепті олардың білімді, бәсекеге қабілетті болуы ел дамуындағы аса маңызды фактор. Осы тұрғыдан келгенде түлектердің мемлекетке қажетті мамандықтарды игеріп, дамуға, өркендеуге үлес қосқаны маңызды. Мемлекет басшысының қойып отырған талабы да осы.
Әйгерім Мырзахметова
22 тамыз 2020 ж. 827 1

Theron от 24 мамыр 2025 05:44
Appreciate the recommendation. Will try it out. casino en ligne Hello, I log on to your new stuff daily. Your writing style is awesome, keep doing what you're doing! casino en ligne France Hey very interesting blog! casino en ligne I blog frequently and I seriously appreciate your information. The article has truly peaked my interest. I'm going to take a note of your website and keep checking for new details about once a week. I subscribed to your Feed too. meilleur casino en ligne This is the perfect webpage for everyone who hopes to understand this topic. You realize a whole lot its almost hard to argue with you (not that I actually will need to…HaHa). You certainly put a new spin on a topic that has been discussed for a long time. Excellent stuff, just wonderful! casino en ligne fiable I'm really enjoying the design and layout of your blog. It's a very easy on the eyes which makes it much more pleasant for me to come here and visit more often. Did you hire out a designer to create your theme? Fantastic work! casino en ligne Pretty nice post. I just stumbled upon your blog and wished to say that I have truly enjoyed surfing around your blog posts. In any case I'll be subscribing to your feed and I hope you write again very soon! casino en ligne Aw, this was a very nice post. Taking a few minutes and actual effort to produce a great article… but what can I say… I hesitate a whole lot and don't seem to get nearly anything done. casino en ligne francais I am extremely impressed with your writing skills and also with the layout on your blog. Is this a paid theme or did you customize it yourself? Either way keep up the nice quality writing, it's rare to see a nice blog like this one today. casino en ligne fiable My family members every time say that I am killing my time here at web, but I know I am getting knowledge daily by reading such pleasant posts. casino en ligne