№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Грант иегерлері анықталды

Грант иегерлері анықталды

Жұрт асыға күткен мемлекеттік грант иегерлерінің тізімі жарияланды. Мектеп бітіруші түлектер үшін ең қуанышты сәті – өзі қалаған оқу орнына грант алып, белгілі бір мамандықты иесі атануға жолдың ашылуы. Биылғы ҰБТ-ға аудандағы 42 мектептен 532 талапкер қатысып, бағын сынаған-ды. Олардың арасында грант иесі атанып, қуанып жатқандары көп. Біз бірнеше мектепке арнайы хабарласып, грант иелері жайлы білдік.

Білім және ғылыми министрлігі 2021-2022 оқу жылында бакалавриатқа түсу үшін 56 мыңнан астам грант бөлінді. Естеріңізге сала кетейік, биыл Президенттің тапсырмасы бойынша гранттардың жалпы саны 5000-ға артты. Гранттың көбі инженерлік, өңдеу және құрылыс саласына – 17028 бөлінді. Педагогикалық ғылымға – 9573, ақпараттық-коммуникациялық технологияға – 7487, жаратылыстану ғылымына – 4088, ауыл шаруашылық ғылымына – 1895, бизнес, басқару және құқыққа – 1223, әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат мамандығына –
960 грант бөлінді.
Әлбетте, бұл атаулы гранттарға ҰБТ-ға қатысқан барлық талапкердің үміті бар. Бағы жанып, мемлекеттік грантты жеңіп алған талапкердің бірі – Аружан Талғат. Ол №195 мектепті жақсы оқып, ҰБТ-дан 125 балл жинап, Асфендияров атындағы Қазақ мемлекеттік медицина университетінде білім алатын болады. Айта кететіні, Аружан білім алған мектепте 5 оқушы тест тапсырса, оның 4-уі мемлекеттік грантты иемденіпті.
– Өзім екі жылдан бері тестке дайындалдым. Негізгі сабақтардың барлығын жетік меңгердім деуге болады. Тесттен ойдағыдай бал жинап, өзім қалаған Алматы қаласындағы медицина университетінің грантына ие болдым. Биология және химия пәнін таңдаған болатынмын. Алла бұйыртса, дәрігер мамандығын игеріп, осындай қиын-қыстау уақытта адам баласына көмектесіп, әсіресе, туған жеріме қызмет етіп, ел илігіне қызмет етемін, –
деді студент.
№56 мектептің директоры Мұхтар Абуталиповқа хабарластық. Ол кісінің сөзінше, биылғы ҰБТ-ға 26 түлек қатысып, оның 16-сы мемлекеттік грантқа түссе, шығармашылық тапсырған 5 талапкердің жауабы әлі күтуде. Ал, 1-уі аудан әкімінің грантына ие болыпты. Ал жоғарғы балл жинаған Береке Қаржауова С.Асфендияров атындағы медицина
университетіне оқуға түсіпті.
– Әрине, тағатсыздана күтіп жүрген уақытта қуанышты хабарды естіп еріксіз көзіме жас келді. Ең бірінші атам-анамның, мені дайындаған ұстаздарымның үмітін ақтағаныма ерекше серпіліп қалдым. Медицина оңай сала емес. Енді менің алдымда үлкен міндет тұр. Осы саланы жақсылап меңгеріп, өз ісімнің нағыз маманы болуым керек, – дейді талапты жас Береке.
Ал, өзі шағын ғана ауыл болса да, Екпіндіден ҰБТ тапсырған 4 оқушының 4-де грантты иеленіпті. Жыл сайын ұлттық бірыңғай тестілеуден жоғарғы көрсеткішке ие болып жүрген №213 орта мектеп биыл қандай көрсеткішке қол жеткізді? Бұл сұрақты мектеп директоры Қалдыбай
Елемесовке қойдық.
– Мектепті бітірген оқушының 18-і тестілеуге қатысты. Оның 13-і грантқа түссе, қалған 5-уі ақылы негізде құжатын тапсырды. Соңғы уақыттары ата-ананың да, оқушының да ізденісі өте жақсы. Алдын ала қандай мамандықты оқуға болады деп ізденеді. «Мемлекеттік грант қай салаға көп бөлініпті, қайсы мамандықты оқысақ болашақта жұмыссыз қалмаймыз» деп, жан-жақты ақпарат жинайды. Міне, соның нәтижесінде грантқа түскендердің саны басым, – деді ол.
Міне, ең бастысы мамандық таңдау, қарап отырмай жан-жақты ізденіп, түрлі ақпарат көздерін қарап, күнделікті болып жатқан жаңалықтарды ескеріп, құжатты тапсыруда сауатты болсаңыз болды, грант жеңіп алу қиындық туғызбайтынын биылғы грантқа түскен оқушылар дәлелдеп бергендей.

Әсел РЗАЕВА
22 тамыз 2021 ж. 385 0