№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Қызылорда облысы әкімінің 98 грант иегері анықталды

Қызылорда облысы әкімінің 98 грант иегері анықталды


Биыл Қызылорда облысының әкімі мектеп бітіруші түлектердің жоғары оқу орнынан білім алуы үшін 100 грант тағайындады. Қызылорда қаласы мен аудандарда құрылған арнайы комиссия өтініш берген 138 үміткердің құжаттарын қарап, нәтижесінде барлығы 98 грант иегері анықталды. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Мейрамбек Әбдукаримов мәлімдеді.

Әкімдік жанынан құрылған арнайы комиссияның шешімімен облыс әкімінің гранты еліміздегі үздік 4 жоғарғы оқу орнына бөлінді. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетіне – 67, «Нұр-Мүбарак» университетіне – 6, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетіне – 11, С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетіне – 16 түлек тегін білім алуына мүмкіндік алды. Әкім грантын иеленгендердің 57-і көп балалы отбасынан, 18-і тұрмысы төмен отбасынан, 11-і асыраушысынан айырылған отбасынан, 9-ы ата-анасының біреуі мүгедек, 1-і «Атамекен» балалар үйінің тәрбиеленушісі, 2-і мүгедек бала.
Сонымен қатар, тағайындалған гранттар бойынша білім беру саласының математика, орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілі мен әдебиеті, шет тілі, биология, денешынықтыру және спорт, бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандықтарына – 38 грант, өнер саласы бойынша дәстүрлі музыка өнері, хореография мамандығына – 7 грант, ақпараттық қауіпсіздік жүйесіне – 2 грант, азық түлік өнімдерін өндіру технологиясына – 1 грант, инженерлік желілер мен жүйелерге – 5 грант, су ресурстары және суды пайдалануға – 1 грант, кадастр және жерге орналастыруға – 1 грант; журналистика және репортер ісіне – 10 грант, дінтанушы мамандығына – 6 грант, медицина саласы бойынша жалпы медицинаға – 27 грант тағайындалды.
27 тамыз 2021 ж. 467 0