№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» Құжат қабылдау басталды

Құжат қабылдау басталды


Кеше елімізде жоғары оқу орындарына талапкерлердің құжаттарын қабылдау басталды. ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек осы науқанның қалай басталғанын көру үшін Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне барып, білім ордасының қызметкерлерімен, талапкерлермен кездесті.


 – Қазақстанның бүкіл өңірлерінде жоғары оқу орындарына құжат қабылдау науқаны басталды. Жергілікті жоғары оқу орындарының және ұлттық тестілеу орталығының негізінде құжаттар қабылданады. Биыл жалпы магистратураға, докторантураға және бакалавриатқа 88111 грант бөлінді. Бұл былтырғымен салыстырғанда 16 процентке көп. Олардың ішінде 73 мың грант бакалавриат бағдарламаларына арналған.
Биылғы басты ерекшелік, Президент тапсырмасы бойынша негізгі басымдық техникалық-инженерлік мамандықтарға берілген. Гранттардың проценті инженерлік, техникалық мамандықтарға бөлінді. Осы жылдан бастап осындай басымдық сақталады, – деді ведомство басшысы.
Оның айтуынша, құжат қабылдау науқаны бүкіл жоғары оқу орындарының негізінде ұйымдастырылған.
 – Кез келген азамат, талапкер келіп, құжаттарын не өз қолымен, не виртуалды қабылдау арқылы тапсыра алады. Өздеріңіз көргендей, кез келген жоғары оқу орны Zoom арқылы, Teams арқылы арнайы виртуалды қабылдауға бүкіл құжаттарын тапсырып, кейін поштамен жолдауға мүмкіндігі бар, – деді Саясат Нұрбек.
Сондай-ақ, ол құжаттарды онлайн режимде тапсыру мүмкіндіктері туралы мәлімет берді.
 – Бірнеше жылдан бері оқуға құжатты онлайн режимде тапсыру қолданыста бар, яғни, «Электронды үкімет» порталы арқылы тапсыратын. Оны біз пысықтап жатырмыз. Тамыз айында дайын болады. Магистратура мен докторантура талапкерлерін толыққанды «Электронды үкімет» порталы арқылы қабылдаймыз. Келесі жылға да үлкен дайындық жоспарлап жатырмыз,– деді министр.
---
14 шілде 2022 ж. 301 0