№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Суға шомылуда сақтық жетіспейді

Суға шомылуда сақтық жетіспейді


Қазір шілде айының аптап ыстығында үйдегі салқындатқышқа салқындап, суға шомылудан басқа жол болмай тұрғанын білеміз. Бірақ өзенкөлдерге түсудің қаншалықты қауіпті екенін естен шығарып ала беретініміз бар. Жыл сайын дарияға біздің ауданның өзінен 23 ада
-м суға кетіп, қайғылы оқиғалар орын алатын еді. Биыл көлдерге кету деректері тіркеліп, қос шаңырақ қайғы жұтты.

- Жыл басынан бері облыс су айдындарында 23 адам суға кетіп қайтыс болса, оның 8-і жасөспірім. Ал, аудан көлемінде жыл басынынан су айдындарында 2 төтенше жағдай орын алып, салдарынан 2 азамат қайтыс болды. Өте өкінішті, дегенмен, суға шомылу уақытысы бітемін дегенше айдан астам уақыт бар. Сондықтан барынша сақ болған жөн, – деді аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы Елжан Шегебаев.
Аққорған ауылдық округі, Түгіскен ауылына Семей қаласынан 40 жастағы азамат туысының үйіне қыдыр келеді. Ауылдан 2 шақырым жердегі «Р-16- 4» каналына суға шомылуға барып, жазатайым жағдай орын алып, келген қонақ каналда жан тапсырды. Өзгент округі, Ақсуат ауылынан 5 шақырым жерде «К-1» каналына Жаңақорған кентінің 19 жастағы азамат суға шомылуға барып, қаза тапқан.

– Су айдындарындағы төтенше жағдайлардың басты себептері азаматтардың белгіленбеген орындарға суға түсуі, жасөспірім балалардың атаанасының бақылауынсыз қалып, су жағалауларына барып суға түсуі және ішімдік ішіп суға шомылу болып отыр. Сондай-ақ 2 жасар жасөспірім тұрғын үйдің ауласындағы үрмелі бассейінге түсіп, суға тұншығып қаза болған. Бұл орын алып отырған төтенше жағдайлардың алдын алу азаматтардың су айдындарындағы қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауы керектігін ұқтырады, – деді сала маманы.

Иә, ауа температурасының жоғарылауы себебінен суға шомылумен қатар қазір балық аулауға барушылардың қатары артты. Бір күндік демалыс үшін қауіпсіздік шараларын сақтамауы қиындық туғызуда. Алайда, аудан аумағында орналасқан барлық су айдындарында суға шомылуға тыйым салынған. Өйткені, біздегі өзенкөлдер, каналдар ешқандай талаптарға сай келмейді. Сырдария өзені мен каналдарда су көлемі жылдағыдан аз болғанмен қазір өзен мен каналдардың ең терең, ең қауіпті жері арқылы су өтуде дейді жауапты мамандар.

Қазіргі таңда күнделікті Жаңақорған ауданының азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері біріге отырып су айныдарында рейдік шаралары жүргізіліп, кезекшіліктер ұйымдастырылуда. Тұрғындар назарына су айдындарында қауіпсіздік ережелері бұзған жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының әкімішілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 364, 440, 412, 582 – баптары бойынша жауапкершілікке тартылатындығын ескерту жасалуда. Бірақ құлақ асып, назар аударып жатқан жастар да, аға буын да жоқ. тықСуғА шомылудА сАқ жетіспейді Қазір шілде айының аптап ыстығында үйдегі салқындатқышқа салқындап, суға шомылудан басқа жол болмай тұрғанын білеміз. Бірақ өзенкөлдерге түсудің қаншалықты қауіпті екенін естен шығарып ала беретініміз бар. Жыл сайын дарияға біздің ауданның өзінен 2-3 адам суға кетіп, қайғылы оқиғалар орын алатын еді. Биыл көлдерге кету деректері тіркеліп, қос шаңырақ қайғы жұтты.

Сырдария өзенінің облыс аумағынан өтетін ұзындығы 1274 шақырым. Бұдан басқа 19 ірі, 220 шағын канал мен 207 көл бар. Жалпы өңірдегі су жағалауларында 64 қауіпті учаске анықталған. Осының өзі құтқарушылар жұмысының қиындығын көрсетіп тұр. Қазір бұрынғы лықсып ағып жатқан дария жоқ. Арнаның кей тұстары шұқанақ болып қалған. Бірақ бұл өзенді кешіп етуге болады деген сөз емес. Мамандар кейбір шұқанақтардың тереңдігі 7-9 метрге дейін жететінін айтады.

Облыс бойынша қазір Қызылорда қаласындағы «Сыр самалы» демалыс орны мен іргелес Белкөл кентіндегі «Абай» жағажайлары бар. Яғни осы жерлерде ғана суға шомылуға рұқсат берілген. Бұл әрине аздық етеді. Бұл жағажайларға біреудің аяғы, ал енді біреудің ақшасы жетпейді. Қалада тағы да 2 жағажай ашу жоспарда тұр. Ал аудандарда мұндай орындар мүлде жоқ. Осыдан да тиісті орындарға коммуналдық жағажайлар ашу жөнінде төтеншеліктер берген ұсынысқа сәйкес Шиелі, Сырдария, Қармақшы мен Қазалы аудандарында ашылатын коммуналдық жағажайлар қаулысы әзірленіп жатыр. Бағасы арзан шомылатын жағажайлар мен қаңқалы бассейндер көбейсе, тілсіз жау құрбандарының қатары да азая түсер еді деп мамандар сараптап отыр. Ал, Жаңақорған ауданы тағы да ұмыт қалды.
Қалай десек те, сақтық өзгеге емес, өзімізге керек екенін ұмытпағанымыз жөн. Сол сақтық жетсіпегеннен екі жағдай орын алды, сондықтан мүмкіндігінше каналдар мен көлдерге жолаудың қажеті жоқ.

Әли ТЕМІРБЕК
26 шілде 2022 ж. 232 0