Соңғы жаңалықтар

Берекені ұрлаған несие

12 тамыз 2025 ж. 1 145

№60 (8874) 12

12 тамыз 2025 ж.

№59 (8873) 9

09 тамыз 2025 ж.

№58 (8872) 5

05 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » ЖОЛ АПАТЫ НЕГЕ ЖИІЛЕДІ?

ЖОЛ АПАТЫ НЕГЕ ЖИІЛЕДІ?

Жол қозғалысына жаңа ережелер ендіргенімізбен темір тұлпардан келетін қауіп сейілмей тұр. Жыл сайын жол апатынан мыңдаған жолаушы өмірімен қош айтысып жатады. Бұл біздің елдегі ахуал, жаһан жұртындағы көрсеткіш бұдан кем түсіп жатқан жоқ. Сонда да автокөліктердің сауда айналымы өте жоғары көрсеткішке ие. 2025 жылғы қаңтар-сәуір аралығында Қазақстанда 9,2 мың жол-көлік оқиғасы тіркелді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 51,5 пайызға көп. Жол белгілері мен кедергілер, қадағалау және айыппұл бейнебақылаулары мен патрульдік полицейлердің саны артқанымен қайғылы оқиғалардың да қатары азаятын емес
ргандарының порталындағы мәліметке сай, 2024 жылы елімізде 31 597 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Зардап шеккендердің саны 43 452 адам, олардың ішінде 2579-ы қаза болған. Жол апаты көп тіркелген аймақтардың көшін Алматы қаласы мен Алматы облысы бастап тұр. Былтыр онда шамамен 10 мыңға жуық жол-көлік оқиғасы тіркеліпті. Жол апаттары ең аз болған өңір Ұлытау облысы. 2024 жылы онда 264 оқиға тіркелген екен. Статистика көрсеткендей, ең көп жол апаты орын алатын қалалардың көшінде сол Алматы қаласы тұр. Ranking.kz мәліметінше, жыл басынан бері мұнда 2,2 мың апат орын алған, бұл елдегі әр төртінші жағдайға тең, өткен жылмен салыстырғанда 29,9%-ға артық. Алматыдан кейінгі орында Алматы (767 жағдай) және Жамбыл облысы (538 жағдай) тұр. Негізгі себеп – жүргізушілердің кінәсі. Жол көлік апаттарының 7,2 мыңы жүргізушілердің кінәсінен болған. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 3,4 есе өскен. Апатқа себеп болғандар қатарында автобус жүргізушілер және жүк көліктерінің салдарынан өте көп жағдай тіркеледі екен. Сондай-ақ, мопедтер, скутерлер және велосипедтер, электр көліктер мен электросамокаттардың тәртіп бұзуы жиілеген. Қызық ақпарат, жол-көлік оқиғаларының 83,7%-ы елді мекендерде тіркелген. Нақты айтқанда, 7,7 мың жағдай хатталған. Бұл да өткен жылмен салыстырғанда екі есе артқанын көрсетеді. Ең жиі кездесетін апат түрлерінің көшін жаяу жүргіншіні қағу оқиғалары бастап тұр. Жаяу жүргіншіге жол бермей, әкеп соқтыру дерегі жиі кездеседі. Жыл басынан бері 13,1 мың адам зардап шеккен, бұл былтырғыдан 62,1%-ға көп. Қайтыс болғандардың саны 600-ге жуықтады.
                                                                АЙМАҚТАҒЫ КӨРСЕТКІШТЕР

«ҚазАвтоЖолдың» ресми ақпаратында Сыр өңірінде жол апаты азайған. Оның басты себеп, орташа жылдамдықты есептейтін ақылды жүйе іске қосылуымен байланыстырады. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодәлізіндегі күре жолдың 811 шақырымы Қызылорда облысының аумағынан өтеді. Осы аралықта 14 дана жылдамдық анықтайтын стационарлық құрылғы орнатылған. Ал наурыз айының 20-нан бастап елді мекендердің аралығында «орташа жылдамдықты» есептейтін ақылды жүйе іске қосылды. – Техникалардың іске қосылуымен аймақ аумағында тәртіп бұзушылық деңгейі төмендеді. Яғни, республикалық маңызы бар жол бойындағы апатты жағдай азайып, тәртіп орнағаны рас. Аз уақыттың ішінде 1500 құқық-бұзушылық анықталып, жылдамдықты асыра жүйткіп жүретін жүргізушілер 22 миллион теңгеден астам айыппұл арқалады. Бұл төрт айдың қорытындысы, алты айдың нәтижесінде берешек біршама өсті, – дейді жол патрульдік полиция басқармасы бастығының орынбасары Мұратбек Мирамбекұлы. Мұнан бөлек, жол бойында жүргізушілердің жол ережесін қатаң сақтап, тәртіпке бағынуы үшін әуе арқылы бақылайтын дрондар іске қосылды. Және заманауи технологияларды қолдану арқылы тар жолда қарама-қарсы бағытқа шығатын көліктер де азайған.
                                                                        АУДАНДАҒЫ АХУАЛ
Жаңақорған ауданының полиция бөлімінен нақты деректерді сұраттық. Биылғы жылдың 6 айында ауданда 21 жол-көлік оқиғасы орын алған. Апат салдарынан 28 азамат жарақат алса, 4 жолаушы оқиға орнында жан тапсырыпты. Былтыр да осы жағдай қайталанған болатын. Талдау көрсеткендей, болған жағдайдың жартысы күндізгі уақытта, қалғаны түнгі мезгілде болған. Үштен бір бөлігі ғана халықаралық және облыстық маңызы бар жолдарда орын алса, қалғаны елді мекен мен кент аумағында тіркеліпті. Жоғарыда айтқандай, ауыл мен ауыл және аудан арасын жалғайтын күретамыр жолдардан келіп жатқан қауіп өте көп. Салдарынан қаншама адам шығыны орын алғанын көріп келеміз. – Әкімшілік практика тобының қызметкерімен ағымдағы жылдың 6 айында жалпы 5441 әкімшілік хаттама енгізілді. Олардың 2818-не 48 млн 612 мың теңге әкімшілік айыппұл салынып, салынған айыппұлдың 37 млн 412 мың теңгесі мемлекет пайдасына өндірілді. Өндіру көлемі 77 пайызды құрады. Оның ішінде, жол қозғалысы бойынша 80 пайызды құрады. Жыл басынан бері 148 жол белгісі жөндеуден өтсе, 98 жол белгісі мен 4 жерге жасанды жол кедергісі орнатылды, – деді полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Ербол Әлімбеков. Айта кететіні, жалпы аудан бойынша автожолдардың ұзындығы 690 шақырымды құрайды. Бұл жолдардың барлығы толықтай асфальттанған. Кейбіреуі жөндеуді қажет етуі мүмкін, дегенмен қазіргі жайы қанағаттанарлық. ЖОЛДЫҢ ЖАЙЫН ЖҮРГЕН БІЛЕР Республикалық маңызы бар жолдар толық дерлік асфальттанғаны рас. Бірақ кент ішіндегі кейбір көшелердің жолдары талапқа сай емес салдарынан апат орын алып жатады. Кінәні өзгеден емес, өзімізден іздегеніміз дұрыс. Сарапшылар жолдың нашарлығын, өзге де себептерді алға тартуда. Бірақ басты қателік көлік тізгіндегеннің ережені бұзуынан дер едік. Күні бойы жол бойында байқайтынымыз, басым көпшілік тәртіп бұзатындар зейнет жасындағы көкелеріміз бен қыз-келіншектер екенін айтпасқа амалымыз жоқ. Ал түнгі уақытта жүйрік аттай жүйткіген есер жастарды көргенде жаға ұстайсыз. – Өзім такси қызметінде жүргеніме 10 жылдан асты. Неше түрлі жол апатына куә болып жүрмін. Көбіне тапатал түсте соғысып жататын көліктер ызаңды келтіреді. Олардың арасынан қызметтік көліктерді де көрдік, жалпы темір тұлпардан төнген қауіп аз емес. Барлығын жолдың нашарлығына жабу қисынсыз, одан бұрын көше бойында бейқам жайылатын үй жануарларының кесірінен қаншама жағдай орын алуда. Тағы бір жайт, жаяу жүргіншілер де тәртіпті жиі бұзады. Жүргіншілер жолағын елемей, жолдың кез келген жерінен келесі бағытқа өте салады. Бұл жағдай кенттің күретамыр көшелерінде жиі байқалады. Салдарынан қаншама жүргізуші кінәлі болып табылады. Айта берсек, себеп жетеді, біз жай ғана жазым дейміз де қоямыз, – деді Нұрділла ағамыз. Аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінен биылғы жоспар бойынша жөнделіп жатқан жолдар бойынша мәліметтер іздедік. Жоспар межелі, жұмыс сапалы, тек кезең-кезеңімен шешіліп жатқанын көреміз. Ой-шұңқыры көп көше де аз емес, бірақ бұл көлікке кінәрат әкеледі демесеңіз, жол апатының себебін одан көру қате түсінік болар еді.
                                                         ДӘРІГЕРЛЕР НЕ ДЕЙДІ?
Таяуда Көлік министрлігі 2025 жылдан бастап рөлі оң жақта орналасқан автокөлік иелерінің такси қызметін атқара алмайтынын мәлімдеді. Ол үшін қалааралық тасымалда танымал «Индрайвер», «Яндекс» компанияларымен келісім жасалған. Бұл да жол апаттарын азайтуға септессе игі. Әйтпесе алыс жолдарда апатқа түсіп жатқан көліктерді қарасақ, рөлі оң жақта орналасқан, жүргізушілер арасында «зымыран» атанған Toyota Alphard секілді көліктер екенін жиі байқаймыз. Дәрігер қауым жол апатының тағы бір кезекті себебі энергетикалық сусындарды көп қолдану деп тұжырымдайды. Қалааралық көлік жүргізушлердің көбі ұйқысы қанбаған күйі жолға шығады. Соның салдарынан көпшілігі энергетикалық сусындарды пайдаланатыны анық. – Жол апатының көбеюінің бірінші себебі – энергетикалық сусындар. Көбі назар аудармайды, энергетикалық сусындарды шығарушы компаниялардың өзі «жүйке жүйесі қозған адамдарға тыйым салынады» деп ескертіп отырады. Жүйке жүйесі қозған адамдарға кімді жатқызамыз? Мәселен, неврология бойынша ұйқысы қанбаған немесе ұйқысы дұрыс болмаған адамдар осы санатқа кіргізіледі. Такси жүргізушілердің ұйқысы қанбаған күйі энергетикалық сусын алып жолға шыға беретінін жақсы білеміз. Бұл сусынның ішіндегі L-карнитин және кофеин заттары жүйке жүйесін толықтай блоктайды. Жүргізушінің көзі ашық, сөйлеп, әңгімелесуі мүмкін, бірақ өзін басқара алмайтын күйде болады. Адам бұны сезінбеуі мүмкін, шынында барлығы өз бақылауында болмайды, – дейді ақ халаттылар. Қысқаша айтқанда, жол апаты себебін әркім әртүрлі бағамдар, бірақ, қазақта «Сақтансаң, сақтайды» деген бар, соны ұмытпағанымыз жөн.

                                                                                                                                               Әлібек Жарықбаев
02 тамыз 2025 ж. 117 0