№42 (8856) 10

10 маусым 2025 ж.

№41 (8855) 3

02 маусым 2025 ж.

№40 (8854) 31

31 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Жемқорлықтың алдын-алу басты міндет

Жемқорлықтың алдын-алу басты міндет


Сыбайлас жемқорлық – заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр.

Сыбайлас жемқорлық мемлекет­тiк басқарудың тиiмдiлiгiн, елдiң инвестициялық тартымдылығын тө­мендететiнi, әлеуметтiк-экономи­ка­­лық қарыштап дамуды тежейтiнi баршаға мәлiм. Бiздiң елiмiзде қазiр­гi заманғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама жұмыс iстеуде. Оның негiзi «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Мемлекет­тiк қызмет туралы» заңдар болып табылады.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіре­се, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.
Қазақстан Республикасы Пре­зидентiнiң 2014 жылғы 26 желтоқ­сандағы «Қазақстан Республи­ка­сының 2015-2025 жылдарға ар­налған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» № 986 Жарлы­ғына сәйкес кент әкімі аппараты Қазақстан Республикасының «Мемле­кеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдары мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын түсіндіру және құқықтық оқыту және сыбай­лас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында жиналыстар өткізіліп тұрады. Сондай-ақ, сыбайлас жем­қорлық көріністерін болдырмау мақ­сатында әкімшілік ғимаратында 22-6-05 сенім телефоны орнатылып, лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекеттеріне шағымдар мен арыздар үшін жеке және заңды тұлғаларға арналған жәшік орналастырылған.
Сыбайлас жемқорлық – бұл ін­дет, ол бір күнде шеше салатын шаруа емес. Бұл індетпен күрес тек мемлекет тарапынан емес, бүкіл ел болып жұмылғанда ғана жеңуге болатыны анық.
Жемқорлықпен күрес ең алдымен адами фактордың таным-түсінігіне, рухани кемелділігіне байланысты. Әрбір азамат және әрбір мемлекет­тік қызметшілер қандай жағдайда болмасын сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру керек. Сол кезде сыбай­лас жемқорлықтың қоғамға төнген қаупіннен құтылармыз деп санаймын.

Жасұлан Бейсенбеков,
Жаңақорған кентінің әкімі

17 мамыр 2025 ж. 332 0