№23 (8937) 31

31 наурыз 2026 ж.

№22 (8936) 28

28 наурыз 2026 ж.

№21 (8935) 22

22 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Су айдындарындағы кауіпсіздік ережелерін сақтау

Су айдындарындағы кауіпсіздік ережелерін сақтау




Жаңақорған ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі ескертеді!

Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін сақтайық.

Жыл басынан бері облыс су айдындарында 8 төтенше жағдай орын алып, салдарынан 8 адамның (оның ішінде 4-і бала) суға кетіп қайтыс болу фактісі тіркелген.

2021 жылы аудан су айдындарында 5 төтенше жағдай орын алып, салдарынан 7 адамның (оның ішінде 5-і бала) суға кетіп қайтыс болу фактісі тіркелген.

Су айдындарында жүзуге жарамсыз қайықтарды пайдалану, су айдындарында, су жағалауларында алкогольдік ішімдіктерді ішіп суға шомылу, ортақ суды пайдалану қағидаларын бұзу, суға шомылуға рұқсат етілмеген жерлерде суға шомылу, жасөспірім балалардың ата - аналарының бақылауынсыз су жағалауларына барып суға құлауы мен суға шомылуы, және балық аулау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдары орын алып отырған төтенше жағдайлардың басты себептері болып отыр.

Қазір Сырдария өзені мен кент ішінде өтетін каналдардың суға шомылуға тыйым салған жерлеріне жасөспірім балалардың суға шомылуы мен үлкен азаматтардың ішімдік ішіп суға түсуі жиі орын алуда.

Құрметті аудан тұрғындары мен қонақтары суға шомылуға арналмаған орындарда суға шомылу соңы қайғылы жағдайға әкеп соғатындығын ескертеміз.

Ата – аналар тарапынан жазғы демалыс мезгілінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында балалардың бос уақытына бақылау жасауларыңызды сұраймыз
02 маусым 2022 ж. 1 394 0