» » Жазғы каникулда да білім жалғасады

Жазғы каникулда да білім жалғасады


Жаңақорғанда бүлдіршіндер мен мектеп оқушыларын жан-жақты дамытудың бірегей орталығы ашылды. Ол – арифметика мектебі. Орталықтың білікті әрі білімді қызметкерлері сіздің балаңыздың күн сайын жаңалыққа құштар болып, бос уақытын босқа өткізбеуге тер төгетін болады.

Қай кезде болмасын қоғам дамуындағы ең маңызды мәселе білім беру. Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Әрбір мемлекеттің өсіп-өркендеуінің, төрткүл түниедегі дамыған елдермен терезесі тең болуының ең басты ошағы білім болып табылады. Сондықтан да дамудың ең биік көкжиегінен көрінгісі келетін кез келген мемлекет, ең алдымен білім беру саласын дұрыс жолға қойып, сапасын көтеруді мақсат етеді. Осыны мақсат еткен мектептің басшысы Айнаш Әбдіжәлелқызының пікірін тыңдаған едік.
 – Бүгінгі өскелең ұрпақеліміздің ертеңгі болашағы. Қазір бой жарыстыратын заман емес, ой жарыстыратын заман. Сондықтан біз кешегі бабамызбен ғана емес, бүгінгі бағымызбен, ертеңгі шамамызбен де мақтана алатын ұлт болуымыз керек. Міне, осы мақсатта бар білгенімді оқу орталығының шәкірттеріне үйретуде аянбай еңбек етсек, төккен тер түрлі байқауларды ақталып жатса мен үшін сол үлкен жетістік, – дейді ол.
Расында, ұстаз үшін мақтаныш оқушыларының биік белесті бағындырғаны. Ал Айнаш Әбсаттарованың бұл бағытта топжарған тәрбиеленушлері де жоқ емес. Мәселен, жақында ғана Алматы қаласында өткен «Алматы-2022» республикалық байқауына қатысқан 9 шәкірті де жүлделі оралып, Түркия елінде өтетін халықаралық байқауға жолдама алды. Олардың қатарында Ясин Жандосұлы, Әлия Сәттібай, Камила Тәңірберген, Аслан Нүрідін, Аружан Ханатова, Інжу Тілеубай, Мұстафа Мансұр, Нұрасыл Асылхан және Нұрасыл Бақытхали бар.
 Сүйінші жаңалықты естіген аудан әкімі Мұрат Жолкелдіұлы балаларды аудан әкімдігінің залында қабылдап, сый-сияпат көрсетті. Сондай-ақ алдағы шілде айында Түркияның Алания қаласында өтетін жарыста топ жарады деген үлкен сенімін білдірді.
Республикалық байқауда 160 баланың ішінде суырылып алға шығып, 70 есепті небәрі бір жарым минутта шемішкедей шаққан жеңімпаз жасөспірімдерге, «Үздік ұстаз» номинациясын жеңіп алған Айнаш Әбдіжәлелқызына аудан басшысы алғысын жаудырды. 
 – Еліміздің болашағы мына сіздер. Әрқайсысыңыз бірбір үйдің еркесісіздер. Соған қарамастан бүгінгі жеткен жетістіктеріңіз бір төбе. Берілген 30 минутқа қарамастан санаулы ғана минутта сіздер білімдеріңізді дәлелдедіңіздер. Демек, білімді де саналы болсаңыздар ғана Қазақстан алдыңғы қатарлы дамыған елдің жастарымен бәсекелестікке түсе алатынын айқындадыңыздар. Осындай сапалы білімнің арқасында ғана мемлекетіміздің іргетасы мықты, болашағы жарқын болатынына мен сенемін. Туған жердің, аудан мерейін үстем етуде бар ынталарыңызды тек білімге жұмсаңыздар, – деп тілектестігін білдірді.
 Міне, осындай шәкірттердің басын қосқан мектеп өз алдына қалыптасып, есігін айқара ашты. Лента қию рәсімін аудан әкімінің әйелдер ісі жөніндегі кеңесшісі Роза Исаева жүргізді. Арнайы құттықтауын, жиналған аналар қауымы бата-тілектерін жаудырып мектеп жұмысымен танысты.
 Негізі бұл мектептен тыс оқу орталығында арифметика, ағылшын, орыс тілі, каллиграфия (көркем жазу), логопед, математика және мектеп алды даярлық тобы іске қосылғанынан хабардар болдық. Барлығы 70-тен аса балаға жоғары санатты Қазына Шәмші, Назерке Нұртазаева, Аселхан Сейдан есімді ұстазар қауымы білім беруде екен. Мектеп кенттің ең қолайлы орындарының бірінде орналасқан. Яғни, орталық алаңда орналасқан бизнес орталық ғимаратында. Егер сіз білімді, жан-жақты дамыған талантты ұрпақ тәрбиелегіңіз келсе, «Жаңақорған арифметика мектебімен» байланысыңыз.
 P.S: Ұлы Абайдың «Артыңызға іс қалдырғыңыз келсе, ұрпаққа адамгершілік нұрын сеуіп, білімге тәрбиелеу керек» – деген сөзі білім мен тәрбиенің қажеттілігі мен маңыздылығын айқындай түскендей. Өйткені, білімөркениетке жеткізетін құрал.



Лаура Бибасарова

05 шілде 2022 ж. 461 0