Бәсеке бастауы білімде
«Қазір бой жарыстыратын заман емес, ой жарыстыратын заман» деп Елбасы айтқандай, білімді, дарынды және саналы ұрпақ еліміздің ертеңі екендігі анық. Тәуелсіз еліміздің кемел келешегін ойлайтын әр ұстазға бұл үлкен жауапкершілік жүктейді. Яғни біздің алдымызда білім, ғылым бәсекесінде биіктен көріну міндеті тұр. Мұндайда білім беру саласына салмақ түсетіні айтпаса да белгілі.
Жалпы әлеуметтік салаға ерекше ден қойылып, әсіресе, типтік жобадағы мектептер салуға басымдық беріліп келеді. 2009-2019 жылдары республикалық, облыстық бюджеттің қолдауымен Жаңақорған ауданында 21 мектеп бой көтерді. Қазір кентте №169 мектептің 600 орындық жаңа ғимаратының және МАИ бекетінде 300 орындық жаңа мектептің құрылысы жүруде. Сондай-ақ «Ауыл – Ел бесігі» және «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламалары аясында мектептерде ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл қатарда Жаңақорған кентіндегі №51, №125, Сунақата ауылындағы №194, Шалқия кентіндегі №86 және Өзгенттегі №224, Көктөбедегі №89, Қыркеңседегі №213 мектептер заманауи келбетке кенелгенін айту керек. Алдағы жылдары Жаңарық және Байкенже ауылдық округінде, аудан орталығында мектеп құрылысын бастауға жұмыс жасаймыз.
Мұның бәрін неге айтып отырмын? Біз адами капиталды дамытуды назардан тыс қалдырмай, Мұхаңның (М.Әуезов) «Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе – білім» деген сөзіне басымдық беріп, оқушылардың сапалы білім алуына жан-жақты жағдай жасауымыз қажет. Ол үшін мектептердің материалдық базасын нығайтуға ұдайы көңіл бөліп келеміз. Сондай байыпты қолдауға цифрлық білім беру ресурстары орнатылған интерактивті панельдерді жатқызуға болады. Мұндай заманауи қондырғылар білім беру процесінде оқушының сапалы білім алуына мүмкіндік беруде.
Ғұлама ғалым Қадырғали Жалайыридың «Кім білімді көп біліп, көңілді тұрса, оның дәулеті артады» деген сөзі бар. Ғалым алған білімді көңілге түйгенде ғана адамға бақ келетінін айтады. Ал алған білім санада сақталуы үшін көрнекі құралдардың көмегі қажет. Егер көрнекі құрал әмбебеп болса, онда оқытушының жұмысы жеңілдеп, оқушыға берген білім сіңімді болады. Цифрлы білім беру ресурстары орнатылған интерактивті панельдер дәл осындай міндетті атқаруға қауһарлы.
«Жақсы істі көрмекке, көпке үлгі бермекке» демекші, бүгін Жаңақорған кентіндегі №110 мектеп-лицейге арнайы бардым. Мектеп директоры интерактивті панельдің артықшылығымен таныстырды.
Менің байқауымша, үш тілде жұмыс жасайтын панельде оқушыға қажетті ақпараттар шоғырланған. Бұл оқушылардың көп тілді меңгеруіне септігін тигізеді.
Екіншіден, бір мезетте 10 оқушы жұмыс жасай алады екен. Бұл уақытты үнемдеуге әрі оқушының сапалы білім алуына мүмкіндік береді.
Үшіншіден, заманауи панельдің жады кең. Тіпті әрбір ұстаз өткен сабағын осы құрылғының жадына сақтап, кез-келген уақытта пайдалана алады.
Төртіншіден, панельмен жұмыс жасайтын мұғалім де, оқушы да қосымша заттардан арылады. Яғни сабақ өтуге қажетті маркер немесе сызғыш, циркуль сияқты оқу құралдарының қажеті жоқ.
Бесіншіден, жаратылыстану және математика пәнінде сабақты тиімді өткізуде интернетке қосылатын мүмкіндігі мол.
Дәл қазір орта мектептер қашықтан білім беруде. Осындай кезде интернетке қосу мүмкіндігі бар интерактивті панельдерді қолдануға әбден болады. Осы жөнінде кеңестік.
Жалпы физика бағыты бойынша №163, №167, №168, №169, №194, №224, №242 және №110 мектеп-лицейіне орнатылды. Интерактивті панельдер №51, №55, №52, №125, №163, №192, №209 және №110 мектеп-лицейінің химия кабинетіне қойылды. Ал, биология бойынша №51, №53, №125, №169, №213, №245, №3 мектеп-интернатында дәл осындай заманауи қондырғылар бар.
Біз баяғыда қандай мектептерде оқыдық. Ал қазіргі мектептердің мүмкіндігі қандай десеңізші?! Оның үстіне Мемлекет басшысының білім беру саласын ұдайы қолдауының арқасында жыл сайын ұстаздардың жалақысы көтеріліп келеді. Бастысы, «Ұстаз мәртебесі» заңы күшіне енді.
Мұндай қамқорлықты сезінген ұстаздар қауымы қашықтан білім беру кезінде жауапкершілікті сезініп, күн ұзақ еңбектенуде. Біз ұстаздардың қадірін қайта түсіндік. Бала оқыту аса ауыр әрі жауапкершілігі зор іс екенін ұқтық.
Әлемді бір тарының қауызына сыйдырып жіберген коронавирусты құрықтайтын кезге де келерміз. Сөйтіп дәстүрлі оқуды жалғап, оқушыларға сапалы білім беруде цифрлы білім беру ресурстары орнатылған интерактивті панельдердің мүмкіндігін толық пайдалануымыз тиіс.
Мен бүгін №110 мектеп-лицейге барғанымда ойға осыны түйіп қайттым.

Руслан РҮСТЕМОВ,
Жаңақорған ауданы әкімі.