Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жеке мектеп – заман талабы

Жеке мектеп – заман талабы

Биылғы білім күніне жаңақор­ғандықтар тың қадаммен аяқ басты. Бұл сөзіме 2021-2022 оқу жылында жекеменшік мектептердің де білім беру үрдісіне араласқаны дәлел. Расында, ауданда 4 білім ордасы – “Заңғар”, “Сана”, “Дарын”, “Жұмаділлә Өскенбай атындағы дарынды балалар мектебі” заманға сай білім беруге жол ашты. Біз соңғысының алғашқы қоңырауына қатыстық.
Егемендіктің 30 жылдығы қарсаң­ында бой көтерген жеке бастауыш мектептің «Кел, балалар, оқылық!» атты салтанатты жиынын мектеп директоры Айнұр Жүрментаева ашып, көпшілікке балалардың сапалы білім алуы үшін еңбектенетінін жеткізді.
– Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында мектеп салуға бизнесті қосу керектігін айтты. Біз де осы бағытта бейбіт мемлекетіміздің бүлдіршіндері заман талабына сай білім нәрімен сусындасын, болашағы жарқын болсын деген ниетпен осы білім ордасын ашуды жөн көрдік.  Бүгінгі бала – егемен еліміздің ертеңі. Сондықтан, әр шәкірттің білімді болуы барлығымыз үшін маңызды. Мемлекеттік стандартқа сай жұмыс жасайтын боламыз, – деді ол.
Мектеп басшысының сөзінше, биылғы оқу жылында мектепке 313 бала қабылданған. Оның 138 оқушысы бірінші сынып табалдырығын аттаған шәкірттер. Бірінші және екінші сыныпта орыс сыныбы бар. Ал, осы балаларды білім нәрімен сусындататын ұстаздар саны – 44. Оның сегізі жоғары санатты мұғалім. Сондай-ақ, білім ошағында медициналық кабинет, кітапхана, асхана қарастырылған. Кітапхана қорында 350-ден аса кітап бар.
Ауданнан бой көтерген жеке оқу орнының мерейлі мейрамына куә болып, 1-сынып оқушыларына Әліппені салтанатты түрде табыстаған аудандық білім бөлімінің мектепке дейінгі тәрбие әдіскері Фатима Тұртанова көпшілікті білім күнімен құттықтады.
– Әрбір мемлекеттің болашағы мектебінде шыңдалады. Ертең осы елге ие болып, тізгін ұстайтын азаматтар бүгінгі оқушылар. Сондықтан оларға заман талабына сай білім беру бізге міндет. Алдағы уақытта осы бастауыш мектептің балалары өте білімді, парасат-пайымы биік болып өсетініне біз сенімдіміз. Ұстаздар мен оқушыларға сәттілік серік болсын, – деді ол.
Бүгінде баланы қандай білім ордасына апару ата-ананың өз құқы. Осы орайда, «Өскенбай Жұмаділлә атындағы дарынды балалар мектебін» таңдаған ата-ана қарасы көп. Біз таңдау неге дәл осы мектепке түскенін білу үшін бірнеше ата-анамен тілдесіп көрдік.
– Менің білуімше кенттен бірнеше бастауыш жеке мектебі ашылды. Барлығын аралап көріп, осы мектепке тоқталдық. Мектептің ең бірініші артықшылығы – баланың таңертеңнен кешке дейін мұғалімнің бақылауында болатыны. Бұл ата-анасы бірдей қызметте болатын оқушылар үшін өте ыңғайлы. Сонымен қатар, мектептің тасымалы да бар. Яғни, баламызды жолда қалып қояды деп уайымдамаймыз, – деді кент тұрғыны Әсел Ибрагимова.
Хош, енді елімнің ертеңі жарық, келешегі кемел болсын деп, қаржысын игі іске салған кәсіпкер Елдос Жұмаділләұлын әңгімеге тартып, мектеп ашуына не түрткі болуын білсек.
– Біссіміллә деп игі істі қолға алдық. Бірнеше жыл қаржы саласында жұмыс жасасам да балаларға мектеп ашу ойымда жүр еді. Алдымен балабақша ісін жүргізіп, біршама тәжірибе жинадық. Енді Білім бақылау департаментінің рұқсатымен осы бастауыш мектепті аштық.  Мақсат біреу – саналы шәкірт тәрбиелеп, сапалы білім беру. Алдағы уақытта осы жолда аянбай қызмет жасаймыз, – деді құрылтайшы.
Иә, ертеңгі күннің нұрлы болуы, әлем халқының өзара тарихи байланысының дамуы, экономикасы, мәдениет пен ғылымның әлемдік деңгейге бет бұруы, адамзатты алға жетелейтін күш тек білім мен тәрбиеге ғана тән. Сондықтан, сапалы білім, саналы тәрбие беру әр ұстаздың міндеті болса, білімді, өнегелі адам болып қалыптасу - әр оқушының айнымас бағыты болуы тиіс.
Айсұлу АЛДАНАЗАР
04 қыркүйек 2021 ж. 984 0