№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ана тілің – айбарың

Ана тілің – айбарың


Қай ұлттың, қандай мемлекеттің болмасын басты құндылығы, рухани байлығы ол – ана тілі. Тіл – халықтың қазынасы ғана емес, кеудедегі жанның бөлшегі іспеттес. Қазақта, «тілі жойылған халықтың өзі де жойылады» деген тәмсіл бар ғой. Сондықтан туған тілге құрмет қашанда төрде тұруы тиіс.
Биыл егемендік ел болғанымызға ордалы отыз жыл болды. Осы жылдар ішінде елдің дамуы өсіп, әлеуеті артып келеді. Енді қазақ тіліне деген құрметті бәрінен биік қою бұл азаматтық парызымыз. Ана тілі – ананың ақ сүтімен әр қазақ баласының бойына сіңген тіл. Сол арқылы ғана біз халқымызды, Отанымызды танып білеміз. Әр адамның азаматтық қасиеті де өз халқын, өзінің атамекенін сүюімен, өз ана тілін құрметтеумен өлшенеді десек, тілді тұғырына қондырудың маңызды екенін түйсіне түсеміз. Тілге деген құрметіміз де Отанға деген құрметпен астасып жатыр.
Ана тілін танумен адам өз халқының өткеніне де ойлы көзбен қарап, болашағына да сенім арта алады. Осыны қазақ жастары түсінуі керек. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте», – деп Қадыр ақын айтқандай, қазақ тілін мемлекеттік тіл дәрежесіне көтеруге әр қазақ сүбелі үлес қосқанда ғана бабалар аманатына адалдығымызды сақтай аламыз. Бүгінде Жаңақорғанда 85 мыңға жуық халық болса, соның ішінде 20-ға жуық өзге ұлт өкілдері татут тәтті тіршілік етеді. Олардың ұлты бөлек демесек, салт-дәстүрі мен сйлеу тілі қазақтың қаймағы бұзылмаған ана тілінде.
Қай саланың болмасы жүгін төл тілімізбен дамытуға ұмтылуымыз керек. Біз де полиция бөлімі көбінесе іс-құжат қазақ тілінде жүргізіледі. Сол секілді тілді мәртебе ету үшін оны сыйлап, сол тілде сөйлеп, жаза білуге тиістіміз. Бұл Отанға, елге деген құрмет, сондықтан туымыз төбемізде, әнұранымыз әлемге әйгілі болып тұрған тұста ана тілдің дейгейін де көтеру ең қастерлі жол деп білеміз.
Ермұханбет ӘБДРАМАНОВ,
полиция капитаны
24 желтоқсан 2021 ж. 573 0