» » Қоғамдағы мәселе

Қоғамдағы мәселе


Ел өміріндегі өзекті мәселелердің бірі – отбасылық зорлықзомбылық. Қалыпты өмір ырғағын бұзатын жағымсыз әрекеттерге заңмен тосқауыл қойылғанын барлығы білуі керек. Өйткені қай халық болсын әйел затына ықыласпен қараған. Қазақ халқында да әйелдің орны бөлек. Ана деп ардақтап, қарындасқа құрмет көрсетеді. Сондайақ ер азаматтың тірегі, қамқоршысы болған әйелдер – қамыққанда сүйеу, тарыққанда тіреу, қамкөңілге жұбаныш бола білген.

 Зорлық-зомбылық тек жәбірленушілердің құқықтарын бұзып қана қоймай, өскелең ұрпақ үшін теріс үлгі болып келеді. Статистика бойынша отбасындағы зорлық-зомбылық әйел адамдарға қатысты жасалады, егде адамдар мен балалардың да мұндай әрекеттерге тап болатын жағдайлары аз емес.
 Отбасы – шағын мемлекет десек, бұл оның қоғамдағы алар орнына қарай айтылса керек. Осы бір ғибратты сөз босағаның берік, шаңырақтың нық болуын, халық санының көбейіп, қоғам байлығының еселеп артуына тигізер ықпалы бар болғандықтан да отбасын шағын мемлекетке теңесе керек. Өкінішке қарай, түрлі жағдайларға байланысты шаңырақтың шайқалып, бейкүнә сәбилердің жаутаңкөзге айналып жататын кездері де аз емес. Әрине берекесі мен бірлігі жоқ, күндегі айқай шудан шаршаған әйелдердәң көбі ажырасуға мәжбүр болады.   «Тәрбие – тал бесіктен басталады» дегендей, отбасындағы ұрпақ тәрбиесі ешуақытта қоғамды бей-жай қалдырған емес. Тұрмыстық зомбылықта көбіне зардап шегетін әйелдер мен жас балалар. Осыған байланысты заң тұрғысында да бірқатар өзерістер енгізілген.  Мәселен, әйелге қол жұмсағандығын растайтын құжаттар болса, әкімшілік жазаға тартумен қатар, 15 күндік абақтыға жабу да қаралған. 10-15 тәулік қамауда отырып шыққан адам үйіне оралады. Ашынған отағасы әйелге қол көтеруін бұдан кейін еселей түсуі де мүмкін. Ол кезде жаза күшейе түспек.
Балалар да үйінде, мектепте және басқа да қоғамдық жерлерде қатыгездікпен және зорлық-зомбылықпен ұшырасып отырады. Алайда осы кезге дейін қоғам бұл проблемаға зейін қойып көрген жоқ. Бала үшін ата-анасының үйі әрқашан ең қауіпсіз жер бола бермейтінін айғақтайтын фактілер жиі кездеседі. Балаларға, әсіресе кішкентай бүлдіршіндерге зорлық-зомбылықтың үй, отбасы ішінде көрсетілуі көзге түсе қоймағандықтан, көп жағдайда мойындалмайды. Бұл отбасының басқа мүшелері сияқты қорғалу құқығы бар жаннан гөрі, ата-анасының меншігі ретінде қалыптасудың салдары. Дөрекілік, балаға күш көрсету, балалардың бағдарын өзгерту, зорлық-зомбылықтың дамуын және қылмысты тудырады.
 Негізі қоғамда келіспеушілік мүлдем кездеспейтін отбасыны кезіктіру мүмкін емес. Алайда жоқ дегенде таласты созбау, соңын тату аяқтау, жанұядағы жарасымдылықты бұзбау ол да бір өнер. Талас-тартыс жиі орын алып, үйдің ішінің у-шудан арылмауы баланың сана сезіміне кері ықпалын тигізбей қоймайды. Содан балада «бірбіріне өрттей өш, маған да жамандық жасса қайтем» деген ой қалыптаспасына кім кепіл? Сондықтан баламен ойнамайық, ойланайық...

Лаура айдархан
21 маусым 2022 ж. 399 0