№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» «Әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысандарын жою, әйелдердің өз құқықтарының бұзылуымен күресудің қолда бар рәсімдерін және құралдарын қолдану»

«Әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысандарын жою, әйелдердің өз құқықтарының бұзылуымен күресудің қолда бар рәсімдерін және құралдарын қолдану»

Жаңақорған аудандық сотында «Әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысандарын жою, әйелдердің өз құқықтарының бұзылуымен күресудің қолда бар рәсімдерін және құралдарын қолдану» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.

Шараға аудандық сот төрағасының міндетін атқарушы Ә.Б.Түбекбаева, аудандық соттың судьясы И.Тұңғышбаев, кеңсе меңгерушісі Б.Налибаева мен сот қызметкерлері және АІІБ-нің қызметкері қатысты.

Семинар-тренингті   аудандық   соттың  төраға міндетін атқарушы Ә.Түбекбаева ашып, баяндама жасау үшін аудандық соттың судьясы И.Тұңғышбаев пен жетекші маман Р.Беркінбаевқа сөз берді.

И.Тұңғышбаев өз баяндамасында халқымыздың басым көпшілігі отбасы құндылығын жоғары бағалайды. Тәуелсіздік төрімізден орын алған қоғамымыздағы ең басты құндылық-адам бостандығы. Адамның және адамзаттың құқықтары мен бас бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау-конституциялық заңдылықтың басты талабы екенін айтты.

Ал өз кезегінде Р.Беркінбаев отбасындағы тұрмыстық-зорлық зомбылық көп жағдайда әлеуметтік оқшаулану, өзін-өзі төмен бағалау, ішімдік пен есірткіні пайдалану, қоғаммен байланыста туындаған мәселелер жұмыссыздық, кедейлік және мәдени деңгейінің төмендігі салдарынан туындап жататынын, отбасындағы зорлық-зомбылық мәселесі әлемнің түкпір-түкпір жерінде ертеден орын алғандығын, соңғы кезде жиілеп кеткен қылмыстардың ішінде отбасылық дау-жанжалдан туатын қылмыстар алдыңғы орында екенін, зорлық-жеке проблема емес, ол қоғамдық мәселе екенін, жұмыссыздық, қылмыстар, өзге де келеңсіз жағдайлар отбасындағы ахуалға тікелей қатысты екенін, сондықтан, елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға қатысты шараларды көбейту керектігін айтып өтті.

Қатысушылар өз ойларымен толық бөлісіп, қоғамдағы жынысқа байланысты зорлық-зомбылық  тудыратын мәселелерді  жан жақты талқылады.

Семинар-тренинг  өткізудің  мақсаты  барлық  саяси, әлеуметтік процестердің толық  құқықты  әрі белсенді қатысушысы ретіндегі қазіргі заманғы әйелдің, лидер әйелдің  өркениетті  бейнесін қоғамдық санада белсенді түрде қалыптастыру, әйелдің елдің  саяси  өміріндегі  рөлін көрсету деп қорытындылады.

Қайнар: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі
---
28 ақпан 2019 ж. 911 0