№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Ауыз судың ақысын алдымен төле!

Ауыз судың ақысын алдымен төле!


Адамға аса қажетті жарық, су, газ, байланыс желілері қызметіне айма-ай ақысын төлеу халықтың қалтқысыз міндетіне айналып отыруы керек. Жұмыстың жүйелілігі, сапалы дамуы оған төленетін қаржыға тікелей тәуелді.


Бір қынжыларлығы, коммунал­дық қызметті мерзімді пайдалана тұра оған ақы төлеуге салдыр-салақ қарайтвндар өте көп. Мұның соңы қордаланған қарызға, тіпті сот есігін жағалауға дейін апарып соқтырары бек мүмкін. Бүгін біз кент тұрғындарының ауыз суды пайдалану бойынша сақтауға тиіс талап-ережелері жөнінде тоқтал­мақпыз. Бұл тұрғыда «Арал» СЖКБД Жаңақорған су құбырының басшысы Ғани Шерниязовтың әңгі­месі төмендегіше өрілді:
– Кентте 270 км ішкі су құбыры, көше бойларында 3,5 мың көру құдықтары қойылған. Таза суды қалайтын әркім берік қақпақпен жабылған осы су көздіктері – көру құдықтарға барынша құнтты қарап, қадағалап отырған жоқ. Рұқсат етілмеген жолдан өтетін транспорт қозғалысы құдықты сындырып өтіп, жарамсыздандырып жататыны, со­ның нәтижесінде бетіне құм, тас толып, ішіп отырған таза суымызға шашетектен зиян келетінін айтпасқа болмайды. Бұл аздай, жеке адамдар құдықтың қақпағын ұрлап әкетіп, металға өткізіп, су беті ашық қалып жатады. Қанша рет мамандарымыз осындай жолсыздықтарды көріп қалып, ескерту жасап жатырмыз. Нәтиже жоқ. Осыған ел болып жанашырлық жасай алсақ теріс іске тыйым болар еді, – дейді. Екіншісі, суға ақы төлеу мәселесі. Оны қалай реттеуге болады? Бұған дейін әр отбасына жан басына шаққанда жалпыға бірдей төлем қабылданды. Бірақ пайдалану деңгейі әркелкі, тіпті біреулер ақшасын төлеп қойып, емен де семен есік алды егісіне пайдаланды. Соның кесірінен ауыз су кенттің басына жетіп, аяғына жетпеді.
– Ауыз суға тарифты бекіту бойынша ҚР Индустрия және Даму министрлігінің №34 қаулысы негізінде 2021 жылдың 16 тамызы­нан бастап ел тұрғындарының ауыз суға ақы төлеу тарифы тө­мен­дегіше бекітілді. Бір адам тәу­лігіне 140 литрден пайдаланған жағдайда бір айда 4,200 литр суға 30 теңгеден төлейді. Жанұяда 5 жан болса 4,300 лирт х 5 = 21000 куб, 21000 х 30 теңге = 630 теңге болады. Міне, ауыз суды ішуіне де, жеке санитариялық тазалығына да молынан пайдаланып, нақты ақша төлеп отыруға бұл үлкен мүмкіндік. Енді осы шартты бұзып, суды ысырапсыз пайдаланатындар бар екен. Біреулері «Мен бір ғана талымды суарып отырмын ғой» деген уәж айтады. Біреу болсын, көп болсын тал айналасын қазып, шелектеп қана құймаса трубамен суды қоя бергенде қара топыраққа сіңіп, көзге де көрінбейді. Бірақ қаншама су шығын, ақысын төлеу қалтаңызға да ауыр.
– Маманның тағы бір айтқаны, кентте 155 көше бар. Алтыкрант, Жеңіс, Байкенжеев көшелерінде суды артығымен пайдаланып, есеп­тегішті тығып қоятындар бар екен. Біреулер есептегіш қоюға қарсы. Суды бұлай есептеу әділдік емес дейді. Сонда суды есептегішпен есептемегенде немен есептемек­піз? Бұрын қаладағыдай есепте­гіш қойылмаған кезде қарапайым тәсіл – су беру уақыты мен су қысымы трубаның диаметрімен өлшеніп келген. Ол кезде су бағасы қазіргіден қымбатқа түскен екен.
– Кенттің күншығыс жағында­ғы мөлтекаудандарда: Алтынсарин кө­шесіне, Жаңауылға он бес жыл бұрын ауыз су бармай, күніне екі рет «водовозбен» тасымалдап іше­тін. Ел осы қиындықты ұмытты. Су уақтылы барып тұр. Бірақ ақысын төлеуге келгенде жұрт жайбарақаттық танытып келе­ді. На­рымбетов көшесінде төрт-бес түрік ағайынымыз бар екен, ауыз суды алаңсыз бақшалығына, жылы­­­жайына пайдаланып, өнімін пұлдап, табыс тауып отыр. Бірақ мардымсыз ақы төлеп, айласын асырып отырғаны ұят. Негізінде есік алдындағы бақшаға құдық қазылып, соның суын кәдеге асыру керек. Ауыз суды ысырапсыз, тағамдық тұтынуға және күнделікті жеке бас гигиенамызға ғана пайдалануға тиіспіз.
– Бұл ережеге саналық тұрғыда түсінік қалыптаспағаны өкінішті. Мәселен, Байкенжеев көшесінде көп үйлер ауыз суды құрылысқа үз­бей пайдалануды әдетке айнал­дыр­ған. Ескерту айтқанға мойындамай, айыппұлын да төлемеген. Мына жаңа ереже әсіресе осындай заң бұзғандарға өте қатты тосқауыл болса керек. Ауыз суды өндіріс және құрылыстық мақсатқа пайдаланған кәсіпкер жаңа ереже бойынша бекітілген тарифтен көп артық пай­даланатыны рас. Олай болса әр артық тоннасына 500 теңге ақшасын да төлеп отырғанда қалта қағылары да белгілі. Сондықтан кәсіпкерлер қазірден бастап амалын жасауы керек. Енді екі айдан соң «Атлант-Билинг» жобасы келе жатыр екен. Орталығы Ақтөбеде, бірыңғай ақы төлеу базасы. Оған Қазақстанның бүкіл тұтынушысы ендіріледі, қол­мен түзету, айыппұлды жою мүмкін емес. Сондықтан, соған дейін барлық қалдықтардан тазарып, күн­делікті ақы төлеу жүйесіне 0 мен енгеніміз дұрыс-ау.
Тұрғындарымыз жаппай осы жаңа ережеге бейімделуі керек. Ол үшін айма-ай ақысын төлеп отырма­саңыз артық шығынға ұшырайсыз. Сол үшін біріншіден, қазірде үй іргеңіздегі труба түбінде тұрған есептегіш құралды үйіңізге кіргізіп алыңыз. Ол үшін су мамандарын шақырыңыз, ақылы орнатып береді. Сол жерден өзіңіз оңай есептеп, Халық банк, Каспи қосымшаларымен, сонымен қатар «Жаңақорған жа­рығы» ме­кемесінде касса арқылы төлей аласыз. Есептегіш жылы, құрғақ, температура бір қалыпты жерде тұруы міндетті.
– Сайып келгенде, басты мәселе, ауыз суды ысырап етпеу, біреулер бақша егіп, суды далаға жіберіп, біреулер ішер суға зар борлып отыруы әділеттікке де, құдайлыққа да қайшы. Сондықтан суды үнемдейік, ағайын.

Баян Үсейінова



25 мамыр 2022 ж. 327 0