№88 (8902) 18

18 қараша 2025 ж.

№87 (8901) 15

15 қараша 2025 ж.

№86 (8900) 11

11 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
» » ЕҢБЕК АРДАГЕРІНІҢ ЕСІМІ ҰЛЫҚТАЛДЫ

ЕҢБЕК АРДАГЕРІНІҢ ЕСІМІ ҰЛЫҚТАЛДЫ


Бүгін Жаңақорған кенті, "Ақсарай" дене шынықтыру - сауықтыру кешенінде Еңбек ардагері Есалы Тұрсынбаевты еске алуға арналған қазақ күресінен кіші жасөспірімдер арасындағы республикалық турнирдің ашылу салтанаты өтті.
Ауылшаруашылығы саласының үздігін еске алуға арналған шарада сөз алған аудан әкімі Мажит Самитов Еңбек ардагерінің өңіріміздің ауылшаруашылығына қосқан үлесіне және ауданымызда бұқаралық спортты дамытуға бағытталған шараларға тоқталып, өткелі отырған турнирге қатысушы жас спортшыларға сәттілік тіледі.
Жаңақорған ауданының Құрметті азаматы, ел ағасы Өмірсерік Тақырбасов Есалы Тұрсынбаев туралы жағымды естеліктерімен бөлісіп, боз кілем балуандарының жеңіс тұғырынан көрінуіне тілектестігін білдірді. Турнирге "Еңбектегі ерлігі үшін" медалінің иегері, Еңбек ардагері Есалы Тұрсынбаевтың жан жары, аяулы анамыз Маруся Сағынбайқызы азаматын қадірлеп еске алып жатқан азаматтарға отбасының атынан алғысын білдірді.

Айта кетейік, турнирге Қызылорда, Ұлытау, Түркістан, Жамбыл, Атырау, Ақмола, Ақтөбе, Алматы облыстары мен Астана, Шымкент қаласынан барлығы 250 ден астам спортшылар қатысуда.
22 қыркүйек 2025 ж. 429 0