№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Су – стратегиялық ресурс

Су – стратегиялық ресурс


Жаңақорған аудандық мәслихатының хатшысы Ғалымжан Сопбеков «Талап-Сырдария» топтық су құбырының жұмысымен танысып, 28 елді мекенді суландыру жүйесі жайлы қанықты.

ХХІ ғасырдағы ең өткір мәселе – ауыз су мәселесі. Мұның салмағы мен салдарын әлем елдері сезініп отыр. Әсіресе, Африка елдерінде таза ауыз суға мұқтаждық қатты сезіліп, жұқпалы ауру түрлері тарауда.
Биыл еліміздің оңтсүтік өңірлерінде қуаншылық орын алып, аяқ және ауыз судың маңызын тереңсезіне  түстік.
Ал, «Талап-Сырдария» топтық су құбыры 28 елді мекенде тұратын 43 мыңға жуық халықты сапалы ауыз сумен қамтуы тиіс. Яғни аудан үшін аса ауқымды әрі маңызды жоба.
Сырдария топтық су құбырының құрылысы 2014 жылы басталып, 5,2 млрд. теңге қаржы игеріліп, пайдалануға берілсе, Талап топтық су құбырының құрылыс жұмысына 5,5 млрд. теңге жұмсалып, биыл пайдалануға беру жоспарланды. Жобаға сәйкес жүздеген шақырымдық магистралдық су құбырлары, елді мекендерге қосылу тармақтары, ауылішілік су желілері жүргізілді, сондай-ақ су қоймалары, сорғы станциялары салынып, қыруар жұмыс атқарылды.
Алайда жоба толық іске қосылмай тұр. Оның басты себебі, жоба бойынша бас су өндіру кешені аумағында қазылған 8 ұңғымадан жобада қаралған дебит мөлшерде сумен қамтамасыз ете алмай тұр. Соның салдарынан елді мекендерге үздіксіз су жеткізілмеуде.
Бүгінде Сыр және тау беткейдегі, темір жол бойындағы елді мекеннің тұрғындары тәулігіне 2 сағаттан су алуда. Бұл жөнінен Сенат депутаттары Мұрат Бақтиярұлы мен Ақмарал Әлназарова және Мәжіліс Төрағасының орынбасары Балайым Кесебаева хабардар, әрі Үкіметтік деңгейде мәселе көтеріп, оң шешілуіне ықпал етуде.
– Біздің Сенаттағы және Мәжілістегі депутаттарымыз жағдайдан толық хабардар. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі С.Қожаниязовтың 2021 жылғы 27 наурыздағы хаттамалық тапсырмасында 5 жаңа ұңғыма қазу мәселесі енгізілді, – деді «Нұра топтық су құбыры» РМК Жаңақорған аудандық сумен жабдықтау бөлімшесінің басшысы, аудандық мәслихат хатшысы Мейрамбек Кабетенов.
Мәслихат хатшысы Ғалымжан Жарқынбекұлы жобаның маңызына тоқталып:
– Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауында өңір тұрғындарының таза ауыз суға қол жетімділікті біріздендіруді тапсырып, су – стратегиялық ресурс екендігін ескертті. Осы бағытта жұмыстарды жүйелеп, халықты сапалы ауыз сумен қамту маңызды, – деді.
Мәслихат хатшысы ондағы ғираматтардың жағдайын бағдарлап, су жіберу процесін көрді.
Нұрлат БАЙГЕНЖЕ
22 қыркүйек 2021 ж. 456 0