№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » МектептердІ ауыз суға қосу маңызды

МектептердІ ауыз суға қосу маңызды


Судың тіршілік көзі екені сөзсіз. Ал, ауыз су тапшылығы тіпті өзекті мәселе. Бүгінде аудан орталығында халықты ауыз сумен 100 процент қамтамасыз ету мақсатында су жүргізудің 4-кезеңі іске асуда. Ол үшін мемлекеттік бюджеттен 4 млрд. теңге қаржы бөлінді. Су құбырлары кент көшелерінің бойымен жүргізіліп жатыр. Бірақ, әр мекеменің немесе тұрғын үйдің ауласына тартылу қолға алынбаған. Осы ретте, мемлекеттік мекемелер арасында мектептердің сумен қамтылудағы маңыздылығы басым. Өйткені, өскелең ұрпақтың таза суды тұтынуы – денсаулығының кепілі екені түсінікті. Осыны ескерген, облыстық мәслихат депутаты Жанкелді Ысқақов кенттегі 3 мектепті сумен қамту мәселесін қолға алып, жауапты мамандармен бірге №110 мектеп-лицейі мен №125 және №51 орта мектептің су құбырының ахуалын көзбен көруге келіпті.

Жанкелді Ойшыұлы, ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Есдәулет Сейлов және «Қазсушар» РМК-ның «Арал» СЖКМД филиалының құрылыс бөлімінің басшысы Бақытжан Бакишев бастаған топ алдымен №110 мектеп-лицейінің су құбырымен танысты.
Қолданысқа берілгеніне небәрі 7 жыл болған жаңа мектепте бүгінде ауыз су жоқ. Заман талабына сай салынған ғимараттың ішінде барлық мүмкіндіктері бола тұра, пайдаланатын судың жоқтығынан дәретханалар да жарамсыз.
– Қыс ауасында мектепте су болмайды. Негізі су құбырлары тартылған, жағдайы жақсы. Бірақ, кезінде су жүргізген мамандар жер астынан жүргізген құбырларды тереңге тастамаған. Жердің бетіне жақын болғандықтан қысты күні су қатып, күн жылынғанша сусыз отырамыз, – деді мектеп директоры Әділмырза Тәждинов.
Су құбырының жәй-жапсарымен танысқан Бақытжан Бакишев алдағы уақытта көше бойымен өтіп жатқан жаңа су құбырынан мектепке дейін су жүйесін тартып беріп, тәулігіне 13 сағат су беру жөнінде уағдаласты.
Одан әрі №125 және №51 мектептің су құбырымен танысқан мамандар бұл мектептердің де су жүйесінің оң шешімін табатынын айтты. Бүгінде №125 орта мектепте ауыз су бар. Есдәулет Сейловтың айтуынша, алдағы уақытта мектептің су құбырының жобасы жасалып, жаңа құбырға қосу жұмыстары жүргізілетін болады.
– Жалпы, №51 мектепке су келіп тұр. Бірақ жаңа құбырға қосылған жоқ. Қазіргі уақытта мектепте су күніне 3 сағат ағады. Енді уақытын ұзартып, суды 8 сағат беретін боламыз, – деді «Қазсушар» РМК-ның «Арал» СЖКБД филиалының Жаңақорған өндірістік бөлімінің басшысы Ғани Шерниязов.
Мұнан кейін халық қалаулысы шаруа қауымның шағымына орай, қожалықтарға ат басын тіреді. Жергі­лікті сала басшылары мен Қызылорда облыстық энергетика басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Жаңа­баев «Бекарыс и К» ет және сүт өндірумен айналысатын ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің құрамындағы 9 шаруа қожалықты арнайы аралап, электр жарығынсыз отырған шаруаларға жарық жеткізу жолдарын қарастырды. Былтыр коопе­ратив төрағасы Қуандық Қарақожаев «Кәсіпкерлікті қолдау» жылына байланысты, шаруаларды жарықпен қамтамсыз етуді көтеріп, облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасына шаруа қожалықтарға жарықты жеткізу жөніндегі жобасын ұсынып, осы мәселені шешіп беруін сұраған еді.
Кооператив төрағасының сөзінше, жарықтың келуін күткен шаруалар осы мәселе шешімін табысымен бірнеше істі қолға алуды жоспарлауда екен. Мәселен, қожалық аймағынан мал соятын және ауыл шаруашылық техникасын жөндейтін орын ашып, сүт өнімдерін өңдейтін ферма, сиыр сауатын аппарат алуды көздеп отыр.
– Өткен жылы кооператив төрағасы шаруа қожалықтарды жарықтандыру мәселені көтерді. Расында, электр жарығынсыз шаруаны оңалту мүмкін емес. Қазір осы мәселені шешу үшін облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың қолдауымен мемлекеттік бюджеттен 30 млн. теңге қаражат бөлінді. Жақын арада 15 шақырым жерге электр жарығын тартудың құрылысы басталады, – деді Жанкелді Ысқақов.

Айсұлу ӘЛІМБЕТОВА.

12 ақпан 2019 ж. 1 227 0