№84 (8795) 22

22 қазан 2024 ж.

№83 (8794) 19

19 қазан 2024 ж.

№82 (8793) 15

15 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » СЫРДАРИЯДА 18 МЫҢ ГЕКТАРҒА СЫР САЛЫСЫ ЕГІЛЕДІ

СЫРДАРИЯДА 18 МЫҢ ГЕКТАРҒА СЫР САЛЫСЫ ЕГІЛЕДІ



Сырдария ауданында 30 518 гектар егін алқабына ауыл шаруашылығы дақылдары егіледі. Негізгі дақыл – күріштің көлемі 18 520 гектарды құрайды. Одан бөлек, жаздық бидай мен мал азықтық дақылдарды орналастыру жоспарлануда. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінің көшпелі баспасөз конференциясында Сырдария ауданы әкімінің орынбасары  Талғат Нұртазаев мәлімдеді.
-Бүгінде 5 мың гектарға күріш дақылы егіліп,  4 мың гектары суға бастырылды.  Қазіргі таңда каналдар мен қашыртқылар бойына 50 насос қондырғысы орналастырылды. Сондай-ақ, суды аз қажет ететін дақылдар көлемі ұлғайтылды.  Аудандағы барлық шаруашылықтарға су бармайтын жерлерде егін екпеу туралы ескерту жасалды, - деді аудан әкімінің орынбасары Талғат Нұртазаев.
Сырдария ауданына қарасты Бесарық елді мекенінде көктемгі егін науқаны қызу жүруде. Мұнда 700 гектарға күріш дақылы егіледі.
-Биыл су тапшылығына байланысты 100 гектарға жүгері дақылы егілді. Қазіргі таңда егін егу жұмыстарына 30-дан астам техникалар жұмылдырылып, 9 насос іске қосылды, - деді «Абай Даулет» ЖШС агрономы Өтепберген Қалиев.
05 мамыр 2022 ж. 371 0