№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Террорлық әрекетке тосқауыл

Террорлық әрекетке тосқауыл


Бұл тақырып бүгінгі күннің өзегі. Оны кешегі қаңтар оқиғасы-ақ көрсетіп берді. Террорлық актілерге, теріс пиғылды қауымға тосқауыл жасау ең үлкен мәселеге айналды. Былтыр ауданда республикалық терроризмге қарсы оқу-жаттығу жиыны өтіп, жоғары деңгейде баға берілген болатын. Бұл дайындық пысықтау шарасы жыл сайын облыстық деңгейде ұйымдастырылады. Өткен жұма күні Манап Көкенов атындағы аудандық мәдениет үйінің аумағында терроризмнің алдын алуға және оның салдарын жоюға бағытталған жоспарлы антитеррористтік оқу-жаттығулары өткізілді.


Таңғы сағат 10.00-де қоңырау орталық штабқа түсіп, тұтқында адамдар барын хабарлады. Жедел топ, құқық қорғау саласы қызметкерлері дереу әрекетке көшіп, дайындықтарын көрсетті. Терроризмге қарсы күрес жөніндегі аудандық жедел штаб іс-шараның жоспарлы сипатқа ие екенін және күрделіліктің түрлі эле­менттерін қолдана отырып, барынша жақындатылған оқу-жаттығу болып табылатынын хабарлады.
Іс-шараның мақсаты – терроризмге қарсы күрес жөніндегі Жаңақорған ауданы жедел штабы күштері мен құралдарының өздеріне жүктелген міндеттерді орындауға дайындығын тексеру. Тұрғындарға алдын ала біле тұра жалған ақпарат тарату ҚР ҚК 274-бабымен көзделген қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ес­кертті. Терроризмге қарсы оқу-жаттығу жүргізген кезде бірлесе әрекет еткен маңызды. Осы мақсатта ішкі саясат бөлімінің қызметкерлері мен тілшілер де бірігіп, тұрғындар арасында тү­сіндірме жұмысын жүргізді. Яғни аудан тұрғындарына сабыр сақтап, үрейге бой алдырмауға кеңес берді.
«Сақтансаң – сақтаймын» деген нақыл сөзді ұстанып, үнемі қоғамның қауіпсіздігі үшін күштік құрылымдардың бірлескен арнайы операциялар өткізіп, террорлық әрекеттерге қарсы дайындықты пысықтап отыруы маңызды іс. Соңғы жылдары мүдделі топтар мен діни экстримиздік ұйымдардың террорлық актілеріне қарсы күрес өзекті мәселеге айналды. Әсіресе, түрлі бағытты ұстанған діни секталар бейбіт өмірдің берекесін кетіріп, қантөгіс майдан ашуда. Радикалды діни ағымдар қатарында қазақстандықтар да бар екенін жасыра алмаймыз. Бұл радикалды топтардың әрекетіне қырағылық танытып, үнемі дайындықты шыңдау керектігін көрсетеді. 2016 жылы да осындай алдын алу іс-шарасының куәсі болған едік.

– Жедел қызмет органдарының ұйымдастыруымен оқу-жаттығу шарасы өтті. Бірлесе жұмыс істегеннің нәтижесінде лаңкестер құрықталды. Тұрғындардың амандығы маңызды. Сондықтан жаттығу жиынына мән беру маңызды. Бұл ел көлемінде өткізілетін шара болған соң, әр аймақ дайындығын пысықтап алды. Лайым, ел іші тыныш болсын. Егер төтенше жағдай туындай қалса, сарбаздар іске кірісуге дайын болуы тиіс. Бұл біздің басты міндетіміз! – деді ТҚО Штабы қызметкерлері.

Елімізде қоғамды дүрліктіріп, ха­лықтың ашу-ызасына тиген, талай жазықсыз жанның өмірін жалмаған лаңкестік әрекеттердің басым бөлігі діни экстремистердің қолымен жасалғанын дәлелдеп жатудың қажеті жоқ. Президент діни экстремизмге қарсы іс-қимылды күшейтуге баса назар аудару керектігін қадап айтты.
Қоғам – баршамызға ортақ. Ендеше, ондағы ауқымды мәселелерді еңсеру – тек биліктің немесе қандай да бір салалық құрылымның ғана емес, жалпыхалықтық міндет. Сондықтан міндетке ұйысқан ұлт ретінде келешектің көкжиегін кеңейту үшін терроризммен бірге күресуге тиістіміз. Бүгінгі оқу-жаттығудан түй­геніміз осы болды.

Әли ТЕМІРБЕК
20 сәуір 2022 ж. 427 0