Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Терроризмге тосқауыл

Терроризмге тосқауыл

2021 жыл. 9 қараша. Таңғы сағат 08.00. Аудандық полиция бөлімінің кезекші қызметіне шұғыл хабар түсті.
Онда: «Стратегиялық маңызы бар «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-на тиесілі «Хорасан-1» және «Қызылқұм» кенінен шыққан жүк көлігіне шабуыл жасалды. Қарулы қақтығыс кезінде жүк көлігі аударылып, ядролық материал төгілді» делінді.
«Қорған-Қазатомпром» ЖШС күзет агенттігінің жедел әрекеттер тобының қуғындау кезінде қылмыстық топ сытылып шығып, «Жаңақорған-Транзит» ЖШС аймағына кіріп, сол нысанның қызметкерлерін кепілге алды.
Оқиға орнына келген жедел тергеу тобы, өрт сөндіру және медициналық көмек көрсету бригадасы кәсіпорынның мүдделі бөлімшесімен бірге әрекет ету алгоритміне сәйкес іске кірісті.
Қорқынышты, иә! Алла басымызға мұндай жағдайды салмасын. Бұл – оқу-жаттығу жиының элементтері еді.
Сонымен, одан ары тарқататын болсақ, аудандық жедел штаб пен құралдарын оқиға орнына жөнелтуге және терроризмге қарсы операция бастауға іске кірісті. Шұғыл іске Қызылорда ОЖШ және Шиелі АЖШ күш пен құралы келді. Қауіптің бірқалыпты, жоғары және шекті деңгейі белгіленеді. Осындай сәтте, авиа және темір жол вокзалы, әрі эвакуациялық пунктердің дайындығы мен адам сыйымдылығы, тамақ пен төсек-орын, барлығы сақадай сай болды. Блок бекеттер қойылып, теракт орын алған маңға көлік өткізбеу де қатаң бақылауға алынды.
Облыс әкімінің орынбасары, полиция және төтенше жағдайлар департаменті бастығы, облыстық денсаулық сақтау басқарма басшысы, ҚР ІІМ 5547 ә/б командирі бастаған топ, арнайы жасақ, Шиелі мен Жаңақорған құқық қорғау қызметкерлері жедел іске кірісті. Тосқауыл қою тобы, тактикалық және жарылу қаупін жою тобы, келіссөздер жүргізу мен медициналық және психологиялық қаматамасыз ету тобы да жұмылдырылды. Байланысты қамтамсыз ету, жедел техникалық іс-шаралар мен бақылау, ақпарат тобы да аумақ алаңына жетті. Екі сағатқа созылған жанталасқан тактикалық әрекет нәтижесінде террористер қолға түсіп, тұтқындар босатылып, оларға алғашқы дәрігерлік және психологиялық көмек көрсетілді. Ал, тұтқындар полиция бөліміне жөнелтілді.
Терроризмге қарсы орталығы қызметкерлерімен бірлесіп, Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы «Жаңақорған транзит» ЖШС аумағында терроризм актілерінің алдын алуға және оның салдарын жоюға бағытталған жоспарлы антитеррористтік оқу-жаттығу жиыны осындай бағытта өрбіді.
Терроризмге қарсы күрес жөніндегі облыстық жедел штаб іс-шараның жоспарлы сипатқа ие екенін және күрделі іс-қимыл элементтерін қолдана отырып барынша жақындатылған оқу-жаттығу жиыны өте әсерлі өтті. Іс-шараның мақсаты – терроризмге қарсы күрес жөніндегі Қызылорда облысы жедел штабы күштері мен құралдарының өздеріне жүктелген міндеттерді орындауға дайындығын тексеру еді.
Терроризмге қарсы оқу-жаттығу жүргізген кезде бірлесе әрекет еткен маңызды. Осы мақсатта ішкі саясат бөлімінің қызметкерлері мен тілшілер де бірігіп, тұрғындар арасында түсіндірме жұмысын жүргізді. Яғни аудан тұрғындарына сабыр сақтап, үрейге бой алдырмауға кеңес берді.
«Сақтансаң – сақтаймын» деген нақыл сөзді ұстанып, үнемі қоғамның қауіпсіздігі үшін күштік құрылымдардың бірлескен арнайы операциялар өткі­зіп, террорлық әрекеттерге қарсы дайын­дықты пысықтап отыруы маңызды іс.
Соңғы жылдары мүдделі топтар мен діни экстримиздік ұйымдардың террорлық актілеріне қарсы кұрес өзекті мәселеге айналды. Әсіресе, түрлі бағытты ұстанған діни секталар бейбіт өмірдің берекесін кетіріп, қантөгіс майдан ашуда. Радикалды діни ағымдар қатарында қазақстандықтар да бар екенін жасыра алмаймыз. Бұл дегеніміз, радикалды топтардың әрекетіне қырағылық танытып, үнемі дайындықты шыңдау керектігін көрсетеді. 2016 жылы да осындай алдын алу іс-шарасының куәсі болған едік.
– Жедел қызмет органдарының ұйымдастыруымен оқу-жаттығу ша­ра­сы өтті. Бірлесе жұмыс істегеннің нә­ти­жесінде лаңкестер құрықталды. Тұрғындардың амандығы маңызды. Сон­дықтан жаттығу жиынына мән беру ма­ңызды. Бұл ел көлемінде өткізілетін шара болған соң, әр аймақ дайындығын пысықтап алды. Лайым, ел іші тыныш болсын. Егер төтенше жағдай туындай қалса, сарбаздар іске кірісуге дайын болуы тиіс. Бұл біздің басты міндетіміз! – деді ТҚО Штабы бастығының орын­басары, ұлттық қауіпсіздік полковнигі Рүстем Қайжақпаров.
Журналист ретінде оқу-жаттығу жи­ы­нындағы атыс-шабыстың ортасында жүріп, қару-жарақтың дүрсілінен құлақ біте­ліп, меңіреу күйге түстік, асып-са­сып, абыржып қалдық. Мұны жасыра алмаймыз. Алла мұндай оқиғаны ба­сы­­мызға салмай, тек оқу-жаттығу күй­­інде қалсын. Дегенмен, арнайы топ­тың дайындығын көзбен көріп, ты­ныштығымызды қоритын құқық қорғау органы бар екеніне шүкіршілік еттік...
Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ

13 қараша 2021 ж. 410 0