Ақпараттық қауіпсіздігімізге ден қоюмыз керек
Қазіргі жаһандану заманында әлемдегі барлық мемлекеттер тығыз байланысты өмір сүруде. Сауда-саттық, саяси және экономикалық одақтардың біршамасына тереземіз тең келетіндей мүше болып отырмыз.
Әрине бүкіләлемдік жаһандану процесінен көшіміз қалмай жүргені қуантарлық жағдай. Әсіресе, қазіргі заманда ақпараттық технологиялардың қарқындап дамып тұрған заманында, өзіміздің ақпараттық қауіпсіздігімізге ден қоюмыз керек.
Қазіргі таңда, діни экстремизм мен терроризмнің қауіпінің әлемде өршіп тұрғаны баршамызға мәлім. Біздің ел құдайға шүкір бұліндетке қарсы тұрып, мемлекетіміздің тыныштығын сақтап отырмыз. Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы
іс-қимыл жөніндегі 2018 – 2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданған.
іс-қимыл жөніндегі 2018 – 2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданған.
Наурыз айында өткізілген терроризмге қарсы комиссия отырысындаҚазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 – 2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның орындалу барысы туралы мәселелер қозғалып, талқыланды.
Сонымен қатар, діни экстремизм мен терроизмге қарсы ақпараттық жұмыс жасау мақсатында ақпараттық түсіндірмеліктоп түрақты жұмыс жасауда. Атап айтқанда ақпараттық түсіндірмелік жұмыстар аясында мектеп бітіруші түлектерге жоғарғы діни білім беруде еліміздегі оқу орындарының әлеуеті мен мүмкіншілігі мол екендігі түсіндірілді. Қаңтар – ақпан айларында барлық білім беру ұйымдарында «Мен және мені толғандырған мәселелер» тақырыбындағы іс-шараға АТТ мүшелері Ш. Айдаров, Ж. Искаков, Н. Айдаров, А. Әбдіреймовтер қатысты.
Осындай алдын алу профилактикалық шаралар одан әрі жалғасын табатын болады.